
Біз Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі кәсіпкерлік деңгейі туралы бөлісуді жалғастырамыз. Бүгін еліміздің оңтүстік қаласы - Шымкент қаласына тоқталамыз. Шымкент қаласы 2018 жылы республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғанын да еске алайық.
Іскерлік және қаржылық елордадан айырмашылығы, қаланың «мәртебесі» немесе «статусы» кәсіпкерліктің даму деңгейін бейнелейтін көрсеткіштерге ерекше әсер етпейді.
Осылайша, 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қалада 141,3 мыңға жуық ШОК субъектісі тіркелген, оның ішінде 91%-тен сәл астамы жұмыс істейді, сонда барлығы 213,7 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылған. ШОК субъектілерінің саны бойынша көрсеткіштер 4, ал жұмыспен қамтылғандар саны бойынша тіпті 5 әкімшілік бірліктен төмен.
Шымкент қаласы бизнесінің экономикаға қосқан үлесі де жоғары көрсеткіштермен ерекшеленбейді, қала ел өңірлері арасында жетінші орында. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ЖІӨ-дегі ШОК үлесі 1,3%-ті құрады, бұл Алматы қаласы (9,4 п.т.), Астана қаласы (5,8 п.т.), Атырау облысы (1,8 п.т.), Алматы облысы (0,4 п.т.), БҚО және Қарағанды облысының (0,1 п.т.) көрсеткішінен төмен.
1 қызметкерге еңбек өнімділігі де орта деңгейде атап өтіледі. 2023 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 1 ШОК-та жұмыспен қамтылған адам 2,4 млн. теңгеге өнім шығарды.
Жиынтығында, кәсіпкерлік субъектілері осы кезеңде 517,8 млрд. теңгеге өнім шығарды, оның ішінде орта бизнес 97 млрд. теңгеге немесе 18,7%-ке, шағын бизнес 420,8 млрд. теңгеге немесе 81,3%-ке өнім шығарды. Шымкент бизнесі өнімін шығарудың жалпы үлесі республикалық мәнге қатысты 3,8%-ті құрайды.
Салалық бөліністе кәсіпкерлердің көпшілігі көтерме-бөлшек саудамен (45,9 мың бірлік немесе 41,6%), өңдеу өнеркәсібімен (8,1 мың бірлік немесе 7,3%) және жылжымайтын мүлікпен операциялармен (4,3 мың бірлік немесе 3,9%) айналысады.
Өңдеу өнеркәсібінде басым жұмыспен қамту жағымды эмоциялар тудырады, өйткені оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған қолданыстағы даму жоспарына сәйкес келеді.
Шымкент қаласының бизнесі мемлекеттік басқару және қорғаныс (10 бірлік), қаржы-сақтандыру қызметі (415 бірлік) және өнер, ойын-сауық және демалыс (684 бірлік) салаларына азырақ қызығушылық танытады. Оларға кәсіпкерлік субъектілерінің тек 1%-і ғана келеді.
Жалпы, қаланың келешегін, оның «мәртебесінің» арқасында бизнес-орта деңгейінің өсуін, өңдеу өнеркәсібі салаларын дамыту үшін бай минералды-шикізат базасының болуын ескере отырып, оңтүстік астананы бизнесті дамыту үшін әлеуетті-қолайлы аумақ деп санаймыз.