Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі дағдарыс кезеңінде бизнеске қандай мүмкіндік бар екенін баяндады

Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі дағдарыс кезеңінде бизнеске қандай мүмкіндік бар екенін баяндады

Мемлекет қабылдаған бірқатар дағдарысқа қарсы шаралар ШОБ-ты қолдауға арналған.
Қазақстанда мемлекет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдауға айрықша назар аударылады, дейді Today.kz. Бұл туралы брифинг кезінде Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Шыңғыс Ахметов баяндады.
«Вирустық инфекцияға байланысты жарияланған карантин мен мəжбүрлі шектеу шаралары ШОБ қызметіне кері əсер етті. Негізгі зардап шеккен салалар - қоғамдық тамақтандыру, туристік фирмалар, қонақүй, ірі сауда орталықтары, білім беру қызметі, көлік қызметі, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бөлшек саудасы, шаштараз, т.б. Өздеріңіз білетіндей, бұл күнде салықтық ынталандыру, кредиттерді, жалдық және коммуналдық қызметтерді төлеу, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің мерзімін ұзарту, жеңілдікті қаржыландыруға қол жеткізу секілді бірқатар шаралар қабылданды. Бұрын «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының шарты бойынша экономиканың нақты салаларын ғана қолдау көзделетін, яғни, салалық шектеулер болған. Қазір салалық шектеулер алынып тасталды. Бұл дегеніміз кез келген шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бағдарламаға қатысып, жеңілдікпен кредит ала алады деген сөз. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, мемлекеттік қолдау шаралары берілмейтін кәсіпкерлік субъектілері де бар», - деп атап өтті ол.
Ахметов соңғы қарыз алушы үшін кредит құны жылдық 6%-тен аспайтынын, бір кәсіпкерді кредиттік қолдау мөлшері 7 млрд. теңгеге артатынын атап көрсетті.
«Айналым қаражатын қаржылай толықтыру айтарлықтай кеңейтілді. Бүгінде бұл кредиттеудегі ең сұранысқа ие қаржыландыруға жатады. Бағдарлама шеңберінде айналым қаражатын толықтыру 60 млн. теңгеден 500 млн. теңгеге артып, толтырылған түрде беріледі. Бұл ретте сауда қызметі субъектілерінің айналым қаражатын толықтыру 100 млн. теңгеге жетеді. Ішінара кепілдендіру құралы бойынша кредит сомасы 1 млрд теңгеге артты. Бұл бойынша кепілдендіру көлемі 50%-тен аспайды. Бұл ретте 360 млн теңгеге дейінгі кредит қарыз сомасының 85%-іне дейін кепілдендірілед», - деді ол.
Департамент директоры «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының негізгі міндеті ішкі нарықты отандық тауарлармен
толтыру. Бәсекеге қабілетті өңдеуші өнеркәсіпті ынталандыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортының орнын алмастыру, халық тұтынатын тауарлар номенклатурасын арттыру.
«Бұған біз тоқыма бұйымдар, жиһаз, тамақ өнімдерін өндіру және көптеген басқа да салаларды жатқызамыз. Бұл жұмыстардың шеңберінде тауарлар мен қызметтер тізбесі кеңейтілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жобаларды қаржыландыру үшін жалпы кредиттеу көлемі 400 млрд. теңгеге, яғни 1 трлн. теңгеге артты. Бұл сомадан 700 млрд. теңге АӨК қайта өңдеу мен өндіруге, 300 млрд. тенге өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласына бағытталады. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 100 млрд. теңге көктемгі егіс жұмыстарына жіберіледі. 5 млрд теңгеге дейін кепілдендіру мөлшері - 30%. Егер қаржыландыру сұранысы 3 млрд-тан аспаса, кепілдендіру қарыз сомасының 50%-ін құрайды», - деді ол.
Айтылған шаралармен қатар, Ахметовтың айтуынша, Ұлттық банк төтенше жағдай кезінде зардап шеккен ШОБ-ты жеңілдікпен кредиттеудің жаңа бағдарламасын іске асыруға кіріскен. Осы мақсатқа 600 млрд теңге бөлінді. Кредит 1 жылға дейін кредиттеу мерзімімен 8% мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға беріледі.
«Даму» КҚҚ АҚ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл департаментінің директор Гүлсая Зейнелғабдинова қордың құралдары туралы баяндады.
«Біз төрт негізгі құралды ұсынып отырмыз. Бұл жеңілдікпен кредиттеу, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттерді кепілдендіру, онлайн оқыту және клиенттерді қаржы институттарына дейінгі сүйемелдеу. Мәселен, Ұлттық қордың есебінен өңдеу өнеркәсібін қолдау бағдарламасы 6%-пен жүзеге асырылады. Осы мөлшерлемемен микро және шағын бизнеске арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылады. Сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатындағы ШОБ-ты қолдау бағдарламасы да бар», - деді ол.
Зейнелғабденованың айтуынша, 2020 жылғы 1 тоқсанда жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасына Қор 10 млрд.теңгеден аса қаражат бөлген.
«COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты қолайсыз жағдайға орай Қазақстанда төтенше жағдай жарияланған кезде, ҚР Үкіметі кәсіпкерлерді қолдаудың дағдарысқа қарсы шараларын қабылдады. Қазіргі уақытта Қор жаңа кезеңде өтініш қабылдауда. Яғни, қабылданған өзгерістерге сәйкес жобаларды қарауға әзір. Мәселен, шешім қабылдау
процесін тездету үшін жобаларды қайта құрылымдау бойынша өтініштерді қараудың жеңілдетілген режіміне көшті. «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялау құралы бойынша жобаларды қайта құрылымдау бойынша өтініштерді қарау мерзімі 5 күннен 1 жұмыс күніне қысқартылды. Бұл ретте, кредит төлеу мерзімін ұзарту банктің шешімі бойынша, кәсіпкер үшін 1 айдан 3 айға және одан да көп мерзімге ұзартылып, кәсіпкер жеңілдікті кезең аяқталғанға дейін жаңа төлем кестесіне сәйкес, мемлекет субсидиясын ала алады», - дейді департамент басшысы.
Ол осы кезеңде 147,5 млрд теңге сомасындағы 1869 субсидиялау жобасы қайта құрылымдалғанын атап өтті. Қор сондай-ақ, жаңа жобаларды да қарастырады. Қазірде сондай 120 жобаға қолдау жасалды. Жалпы крдеит сомасы 7,9 млрд теңге.