2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілетті секторын қалыптастыруға, кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін арттыруға және кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар жасауға бағытталған.
Ұлттық жобаны іске асыру 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады: кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, кәсіпкерлердің өсуін акселерациялау, жаңа тауашаларды қалыптастыру, бәсекелестікті кешенді дамыту.
10 міндет, 30 көрсеткіш және 69 іс-шара айқындалды.
Ұлттық жоба:
өз ісін ашу және дамыту үшін жағдай жасауға;
субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамытуға;
- кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға;
экономиканы мемлекет иелігінен алуға бағытталған.
Ұлттық жобаның іс-шараларын қаржыландырудың жалпы көлемі 2021 жылға 897 млрд теңгеден астам соманы құрады, оның ішінде РБ – 271 млрд теңге.
2022 жылы Ұлттық жобаны іске асыруға 1 562 млрд теңге жоспарланған, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат – 1 197 млрд теңгеден астам.
2021 жылы Ұлттық жобаны іске асыру қорытындылары бойынша қол жеткізілген нәтижелерге толығырақ тоқталғым келеді.
Пандемияға байланысты 2020 жылы Бизнестің жол картасы-2025 шеңберінде салалық шектеулер алынып тасталды, бұл субсидиялау және кепілдік беру жөніндегі көрсеткіштің 62%-ға артығымен орындалуына ықпал етті және 48,8 мың жоба мемлекеттік қолдаумен қамтылды.
Көрсетілетін қызметтер мен өңдеу өнеркәсібі салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 984 жобаға гранттар берілді.
«Бастау бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне 33,4 мың адам оқытылды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша 169 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бизнесті ашу және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын алу бойынша ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтер алды.
Кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын 435 ақпараттық құралға тексеру жүргізілді.
Туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау шеңберінде нөмірлік қор 193 мың төсек-орынға дейін ұлғайтылды.
Ішкі туристер саны 6,9 млн адамға дейін өсті.
Сонымен бірге, 2021 жылы туризм саласы пандемияның салдарынан кіруге байланысты шектеулер болғандықтан, қиындықтарға тап болды.
Осыған байланысты, сырттан келушілер туризмі бойынша көрсеткішке қол жеткізілген жоқ.
Сондай-ақ, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдар үлесінің ұлғаюы бойынша көрсеткішке қол жеткізілмеді.
2021 жылдың қорытындысы бойынша жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 40,5%-ды құрады, жоспар бойынша 50%.
Ұлттық жобаны іске асыру 2021 жылдың қорытындысы бойынша мынадай әлеуметтік-экономикалық әсерлерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:
Тұрақты жұмыс орындарына 403 мың адам жұмысқа орналастырылды.
320 мың жаңа жұмыс орны құрылды.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 814 мың адам қамтылды.
Табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз ауыл халқының үлесі төмендеді.
Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі өсті.
Экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесі 14,5%-ға дейін төмендеді.
Енді осы жылдың 8 айында Ұлттық жобаның негізгі көрсеткіштері оң серпін көрсетіп отыр.
Мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін барынша қамту мақсатында ағымдағы жылдың басынан бастап кредит сомасы 7 млрд теңгеден 3 млрд теңгеге дейін төмендетілді,бұл жоспарланған 4 239 жобаның орнына шамамен 16,8 мың жобаны субсидиялауға және кепілдендіруге мүмкіндік берді.
Көрсетілетін қызметтер мен өңдеу өнеркәсібі салаларындағы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 399 жобаға гранттар берілді.
«Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне жоспар бойынша 30 мың адамның орнына 75,1 мың адам оқытылды.
Шамамен 12 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бизнесті ашу және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын алу бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтер алды.
Сондай-ақ, технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өзара жеткізу, франшизалар сатып алу, бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері бойынша іскерлік байланыстарды кеңейту жөніндегі шетелдік бизнес-тағылымдамадан 33 адам өтті.
Кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын 435 ақпараттық құралға тексеру жүргізілді.
Ағымдағы жылдың I жартыжылдығында нөмірлік қор 199,3 мың төсек-орынға дейін жеткізілді.
Ішкі туристер саны 3,6 млн адамды құрады.
жылы мынадай әлеуметтік-экономикалық әсерлерге қол жеткізу күтілуде:
- Елдің жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 33,8%-ға дейін жеткізу;
- 175 мың жаңа жұмыс орнын құру;
- «Бастау бизнес» шеңберінде оқудан кейін өз ісін ашқан адамдардың үлесін 40%-ға дейін жеткізу;
- 700 мың адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту;
- табысы ең төмен күн көріс деңгейінен аз ауыл халқының үлесін 7,1 %-ға дейін жеткізу.
Жалпы, Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шаралары бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асырылуда және Министрліктің тұрақты бақылауында.