«Абайдың қарасөздері» конкурсы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Ішкі әкімшілендіру департаментінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасындағы Тілдер күні мерекесіне орай Министрліктің іс-шаралар жоспары шеңберінде «Абайдың қарасөздері» конкурсын өткізді. Конкурстың мақсаты – қатысушылардың жатқа мәнерлеп оқудағы шеберлігін айқындау, сөз байлығын арттыру, көркем сөйлеу мәнерін дамыту, мемлекеттік қызметшілер арасында ұлы ақынның мұраларын кеңінен танымал ету.
Конкурстың нәтижесі бойынша 1-орынды Заң департаментінің бас сарапшысы Айнұр Мыңбаева, 2-орынды Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің басқарма басшысы Мерей Исаева, 3-орынды Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің іс жүргізушісі Жанар Еслан иеленді.