Меню

Страницы

Статья

Мемлекет басшысының 1.09.2022 жылғы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы туралы ҚР Үкімет отырысындағы Ұлттық экономика министрі Ә.С. Қуантыровтың баяндамасы

Қарау үшін Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі  «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы енгізіліп отыр.

Аталған құжат экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және азаматтардың әл-ауқатының өсуіне бағытталған 6 бағыт бойынша 109 іс-шарадан тұратын жүйелі және салалық шаралар кешенін қамтиды.

Негізгі іс-шараларға толығырақ тоқталайың.

 «Жаңа экономикалық саясат» бірінші бағыты бойынша 22 іс-шараны іске асыру көзделген.

Коммуналдық кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында монополиялық және олигополиялық нарықтарды қоспағанда, бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту жөнінде ұсыныстар әзірленеді.

«Тарифті инвестицияларға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу үшін, табиғи монополиялар саласын реттеу тұжырымдамасын жаңарту бойынша жұмыс жүргізіледі.

Фискалдық реттеуді қайта жүктеу мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексінің жобасы әзірленеді.

Бұдан басқа, Бюджеттік жоспарлаудағы төрешілдікті одан әрі қысқарту және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру үшін жаңа Бюджет кодексі әзірленеді.

Мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын ұсыну үшін бәсекеге қабілетті шағын және орта кәсіпкерліктерді айқындау мақсатында базалық өлшемшарттар енгізіледі.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң қабылданады. Соның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің ең төменгі бағасынан бұрын сапа талаптарына басымдық беріледі.

 «Нақты секторды дамыту» екінші бағыты бойынша 15 іс-шара жоспарланған.

Жер қойнауын игеруге инвестициялар тарту үшін заңнамаға рәсімдерді оңайлату бойынша тиісті өзгерістер енгізіледі.

Арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар енгізіледі, оның ішінде  инвестициялық жеңілдіктер берудің сараланған тәсілін енгізу жоспарлануда.

Сәулет-құрылыс қызметін реформалау, сондай-ақ ескірген құрылыс стандарттары мен нормаларын өзектендіру мақсатында тұжырымдамалық жаңа құжат – Қала құрылысы кодексі қабылданатын болады.

«Самұрық-Қазына» қорының қызметі стратегиялық маңызды секторлардағы компаниялар акцияларының мажоритарлық пакетіне ғана иелік ететін инвесторға қайта форматталатын болады.

Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға жаңа ұзақ мерзімді тәсілдер әзірленеді.

Су саласында жинақталған проблемаларды шешу үшін сарапшылардың қатысуымен, Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысы жанданады. Сондай-ақ су саласын дамытудың үш жылдық кешенді жоспары дайындалады.

 «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестициялар» үшінші бағыты бойынша 37 іс-шара іске асырылады.

Апатты және үш ауысымды мектептердің проблемаларын шешу мақсатында «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасының шеңберінде 2025 жылға дейін 800 мың оқушы орнына арналған мектептер салынады.

Денсаулық сақтау саласында еліміздің ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленуде.

Бұдан басқа, медициналық инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы кешенді жақсарту жөніндегі шаралар әзірленеді.

Денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы жаңа ұлттық жобаларды әзірлеу аяқталу сатысында.

Бұдан басқа, алпыс бір жасты белгілей отырып, әйелдердің зейнеткерлік жасын 2028 жылға дейін арттыруға мораторий енгізуді және 2023 жылғы бірінші қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлемдер тағайындау кезеңінің ұзақтығын бір жарым жасқа дейін ұлғайтуды көздейтін заңнамалық түзетулер қабылданады.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айрылған кездегі әлеуметтік төлемдердің мөлшері орташа айлық табыстың 45 процентіне дейін ұлғайтылатын болады.

Сондай-ақ, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың арнайы жинақтаушы шоттарына Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50 процентін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз, кейіннен оларды тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалану мүмкіндігімен аударуды көздейтін «Ұлттық қор-балаларға» жобасын іске қосу жоспарлануда.

Сонымен қатар, жыл сайын «Самұрық-Қазына» қорының таза кірісінің кемінде 7 проценті «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылатын болады. Тиісті құжатты жыл соңына дейін қабылдау көзделуде.

Ел экономикасына бір уақытта үш жүз мың доллардан  астам инвестиция салған шетелдік бизнесмендерге инвестициялық визаны енгізу үшін Көші-қон саясаты тұжырымдамасына және «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына өзгерістер енгізілетін болады.

 «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту» төртінші бағыты бойынша 9 іс-шараны іске асыру көзделген.

Жаңа әкімшілік реформа шеңберінде жеке сектордың кәсіпқойлар үшін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және жұмыстан босату жүйесі барынша ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қайта қаралатын болады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі толыққанды стратегиялық HR институты болып қайта құрылады.

 «Заң және тәртіп» бесінші бағыты бойынша 23 іс-шара жоспарлануда.

Заң үстемдігі мен сот төрелігінің әділ атқарылуын қамтамасыз ету үшін заңнамаға, оның ішінде сот төрағаларын судья лауазымдарына өзгертіп, судьялардың тәуелділігін төмендете отырып, олардың тең мәртебесін қамтамасыз ететін өзгерістер енгізу көзделеді.

Бұдан басқа нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі стратегиялық бағдарламалық құжат әзірленеді.

Адам өлтіру, қарақшылық жасау және тағы басқа сияқты ауыр қылмыс жасағандар үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, шартты түрде мерзімінен бұрын босату доғарылады.

 «Сайлау процестері» алтыншы бағыты бойынша 3 іс-шараны іске асырылады.

Президент мандатын қайта сайлау құқығынсыз ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді белгілеу үшін Конституцияга тиісті түзетулер енгізіледі.

Келесі жылдың бірінші жартысында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өткізу жоспарлануда.

Дата публикации
06 сентября 2022
Дата обновления
06 сентября 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы