Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы 1-тоқсандағы ҚР ӘЭД қорытындылары туралы Үкімет отырысына баяндама 2020 жылғы 14 сәуір (2020 жылғы 14 сәуір)

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті әріптестер!

Қазіргі уақытта әлемдік экономика күрделі жағдайда.

Халықаралық қаржы институттары коронавирусқа қарсы қорғану шараларының аясында жаһандық рецессияның байқалатынын және іскерлік белсенділіктің төмендігін атап өтті. Негізгі шикізат тауарларына коньюнктураның төмендегені байқалады.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері келесідей.

Қаңтар-наурызда жалпы ішкі өнімнің өсуі 2,7%-ті құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 5,1%-ке өсті.

Жылдық инфляция 6,4%-ті құрады.

Экономиканың базалық салаларында көлік пен тұру және тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда, оң өсу байқалады. Құрылыс 11,7, байланыс қызметтері – 10,5, өнеркәсіп – 5,8, ауыл шаруашылығы – 2,5%-ке өсті.

 

Сонымен бірге осы жылғы наурызда 2019 жылғы наурызбен салыстырғанда жекелеген салалар төмендеу көрсетті. Бұл сауда – 3,6, көлік – 4,7, тұру және тамақтану бойынша қызметтер – 12,1 және қара металлургия көлемі – 13%-ке азайды.

 

Жалпы өнеркәсіптің өсу қарқыны 5,8% деңгейінде сақталды.

15 өңірде өсу байқалып отыр. Ең жоғары өсуді Қостанай және Ақмола облыстары көрсетті.

Сонымен бірге 2 өңірде төмендеу тіркелді.
Бұл Қызылорда және Жамбыл облыстары.

 

Өңдеу секторында 8,8% деңгейінде өсуге қол жеткізілді. Бұл фармацевтика , машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру  және жеңіл өнеркәсіптегі  қарқындардың артуымен негізделеді.

Өңдеуде Жамбыл облысынан  басқа барлық өңірлер оң серпін көрсетті.

Жоғары өсу Қостанай , Атырау және Қызылорда  облыстарында тіркелді.

 

Жалпы негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 5,1%-ті құрады, оның ішінде жеке инвестициялар 5,4%-ке өсті.

Инвестициялардың ұлғаюы өңірлердің көбінде байқалады. 4 өңір бойынша төмендеу тіркелді. Олар Атырау , Алматы , Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы .

Құрылыс секторында 11,7% деңгейінде серпінді өсу байқалады.

Соның ішінде 16 өңір өсім көрсетті. Қарағанды облысы 50,8%-тік өсім көрсетті.

Құрылыс бойынша Қызылорда облысы ғана төмендеуді көрсетті .

 

Жыл басынан бері 2,6 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2020 жылға жоспар 15 млн. шаршы метрді құрайды.

12 өңірде оң өсу байқалды. Алматы  және Жамбыл  облыстарында ең жоғары өсуді көрсетті.

5 өңірде төмендеу тіркелді Маңғыстау, Түркістан, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары және Шымкент қ.

 

Ауыл шаруашылығында өнім 2,5%-ке өсті.

Ауыл шаруашылығы бойынша 15 өңірде оң серпін байқалып отыр.

 

Жалпы өңірлер бөлінісінде негізгі көрсеткіштер келесідей.

Осы жылғы қаңтар-наурызда 6 өңір жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Олар Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Сонымен бірге, Қызылорда облысында мұнай өңдірудің төмендеуі мен Сарыарқа құбыр жұмысының аяқталуына байланысты 3 көрсеткіш бойынша төмендеу тіркелді.

 

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Сыртқы факторлардың теріс салдарын азайту мақсатында бірқатар кешенді шаралар қабылданды.
Бұл салықтық ынталандыру, шағын және орта бизнес пен агроөнеркәсіпті қолдау, сондай-ақ жұмыспен қамту бойынша іс-шаралары.

Осыған байланысты, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар келесі аспектілерге назар аударуы қажет.

  1. Белсенді құрылыс жұмыстарының маусымын жедел іске қосу, соның ішінде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында;

 

  1. Мемлекеттік сатып алуды жылдам өткізу, соның ішінде аванстық төлемдерді барынша төлеу және ішкі өндірісті жүйелі қолдау;
  2. Нарықты азық-түлікпен белсенді қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның бекітілген шекті мәндерінен жоғары өсуіне жол бермеу;
  3. «Бизнестің жол картасы» мен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында жеңілдетілген кредит беру үшін жобалар пулын қалыптастыру;
  4. Аймақтық және республикалық жобалар бойынша негізгі капиталға инвестициялардың нысаналы деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Жалпы алғанда, сыртқы және ішкі факторлардың жүйелі мониторингі жалғасатын болады. 

 

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
13 апреля 2020
Дата обновления
13 апреля 2020
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы