Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Құрметті әріптестер!
Сіздердің қарауларыңызға 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджет параметрлері болжамын нақтылау, сондай-ақ ««Ұлттық қорынан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңына өзгеріс енгізу туралы» Президент Жарлығының жобасы енгізіліп отыр.
Болжамды нақтылаудың негізгі факторлары – тұрақсыз сыртқы экономикалық жағдай, байқалып отырған жаһандық рецессия және коронавирустың таралмауы бойынша қорғау шаралары аясында іскерлік белсенділіктің баяулауы.
Жыл басынан бері мұнай бағасы 66%-ке, металдар 16%-ке, әлемдік биржалық индекстер орташа есеппен 21%-ке төмендеді. Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мұнай бағасы бір барреліне 22 долларға дейін төмендеді.
Осыны ескере отырып, ағымдағы жылғы сәуір-желтоқсанға мұнайдың орташа бағасы бір барреліне 20 доллар деңгейінде анықталды.
Доллардың есептік бағамы 440 теңге деңгейінде және жылдық инфляция 9-11% аралығында есепке алынды.
Бағаның төмендеуі аясында мұнай өндіру бойынша болжам 86 млн. тоннаға дейін азайтылды. Бұл тау-кен өнеркәсібі өндірісінің төмендеуіне әкеледі.
Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында,құрылыста және көрсетілетін қызметтер секторында, оның ішінде саудадабұған дейін мақұлданған өсу қарқындарымен салыстырғанда төмендеу күтілуде.
Экспорт 16,3 млрд. долларға төмендеп, 35,1 млрд. долларды құрайды.Импорт 7,5 млрд. долларға төмендеп, 26,6 млрд. долларды құрайды.
Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, жалпы ішкі өнімнің 0,9%-ке төмендеуі күтілуде.
Номиналды жалпы ішкі өнім 69,7 трлн. теңге көлемінде бағалануда, бұл мақұлданған болжамнан 4,8 трлн. теңгеге төмен.
Түзетілген макроэкономикалық болжамның негізінде
2020 жылға арналған республикалық бюджет параметрлері болжамы нақтыланды.
Республикалық бюджеттің кірістері трансферттерді есепке алмағанда 2020 жылы 6,4 трлн. теңге көлемінде бағалануда, бұл бекітілген жоспарға қарағанда 1,7 трлн. теңгеге аз.
Негізгі төмендеу қосылған құн салығы, шикі мұнайға экспорттық кеден бажы және табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер бойынша күтілуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін қабылданған салықтық ынталандыру мен жеңілдіктер бойынша барлық шаралар бюджеттің кіріс бөлігінде ескерілді.
Ірі сауда объектілері, сауда ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер, қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, хостел және туристік қызмет объектілерін жылдың соңына дейін мүлік салығынан босату орнатылды.
Салық салудың жалпы белгіленген тәртібінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер жыл соңына дейінгі мерзімде жеке табыс салығынан босатылды.
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер бойынша жер салығын жылдың соңына дейін төлемейді. Сондай-ақ, биологиялық активтерінің импорты жылдың соңына дейін қосылған құн салығынан босатылды.
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшерлемесі ағымдағы жылғы 30 наурыздан 1 қазанға дейінгі кезеңге 12%-тен 8%-ке дейін төмендетілді.
Шағын және орта бизнесті еңбекақы төлеу қорынан алынатын салық және әлеуметтік төлемдерден (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру және әлеуметтік аударымдар) 6 айға ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін босату қарастырылған.
Бұл шара туристік қызмет, қоғамдық тамақтану, қонақ үй бизнесі салаларын, ірі сауда объектілерін, сауда ойын-сауық орталықтарын, кинозалдар, театрларды, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын, көлік қызметтерін, консультациялық қызметтер мен ақпараттық технологияларды, тамақ өнімдерін өткізу мен дәріханаларды қоспағанда сауда субъектілерін қамтиді.
Салықтық әкімшілендіру бөлігінде 2020 жылдың
1 маусымына дейін шағын және орта бизнес субъектілері үшін барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді және әлеуметтік жарналарды төлеуді кейінге қалдыру енгізілді.
Бұдан басқа, төтенше жағдай кезеңінде салықтық тексерулер мен салық, кеден және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіру тоқтатылды.
Жалпы, жоғарыда көрсетілген барлық шаралар
700 мың салық төлеушіні қамтыйды.
Бюджет кірістерінің күтілетін тапшылығын жабу және дағдарысқа қарсы шаралар кешенін қаржыландыру үшін 2020 жылы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті
2 трлн. 70 млрд. теңгеге, яғни 4 трлн. 770 млрд. теңгеге дейін ұлғайту ұсынылады.
Сіздердің қарауларыңызға республикалық бюджетті нақтылаудың Ерекше тәртібі аясында 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы Заңға өзгерісті енгізу бойынша Президент Жарлығының жобасы енгізілді.
Жалпы, республикалық бюджеттің шығыстарын бекітілген көлемге қарағанда 1,4 трлн. теңгеге ұлғайта отырып, 14,3 трлн. теңге көлемінде болжанады.
Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 3,5% деңгейінде 841 млрд. теңгеге ұлғайта отырып жоспарланады.
Мұнайға қатысты емес тапшылық деңгейі жалпы ішкі өнімнің 10,8%-ін құрайтын болады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы шеңберінде 2020 жылға арналған макрокөрсеткіштер болжамын нақтылауды және кепілдендірілген трансферттітүзету бойынша Мемлекет Басшысы Жарлығының жобасын қолдауларыңызды сұраймын.