Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 1 наурыздағы ТПР бойынша ҚР Үкімет отырысындағы Ұлттық экономика министрі Ә.С. Қуантыровтың баяндамасы

Мемлекет басшысы 2021 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды.

1. Заңды іске асыру мақсатында ағымдағы жылғы 1 ақпанда Заңның қолданылуын қамтамасыз ету үшін қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесін бекітуді көздейтін Премьер-Министр өкімінің жобасы Үкіметке енгізілді. Тізбе 164 нормативтік-құқықтық актіні қамтиды.

Реформаның негізі үш маңызды акті:

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу және пайдалану қағидалары болып табылады;

«Реттеушілік актілері «Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізіліміне» енгізілуге жататын салаларын айқындау туралы» Үкімет қаулысы;

Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидалары.

Актілер әзірленді, олар бойынша келісу процесі жүргізілуде.

Осыған байланысты мемлекеттік органдар жобаларды уақтылы әзірлеу және қабылдау үшін белсене қатысуы тиіс.

2. Заңның маңызды новелласы - Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі болып табылады.

Тізілімде реттеушілік актілердің жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігі тұрғысынан оларға талдау жүргізу мерзімдері айқындалатын болады. Егер реттеуші орган осы талдауды мерзімде жүргізбеген жағдайда, онда мұндай актілердің күші жойылады және Тізілімінен шығарылады.

Тізілімнің ерекшелігі - кәсіпкерлерді Тізілімнен шығарылған және мерзімінде жойылмаған талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату болып табылады.

Тізілім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылады.

Сонымен қатар, бүгінде оны қалыптастыру бойынша жұмыстар басталды.

«Таза парақтан» реттеуді енгізу жұмысы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жоспар-кесте дайындалды. Жоспар ұйымдастырушылық сипаттағы барлық шараларды, орындау мерзімдері мен кезеңдерін, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдарды көздейді.

Министрлік мемлекеттік органдарды бизнесті реттеудің жаңа тәсілдеріне оқыту үшін сарапшылар құрамын қалыптастырды. Бұл оқыту бір ай бойы жүргізіледі.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар реттеушілік актілердің жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігіне қайта қарау жүргізу үшін салалық жұмыс топтарын құру бойынша жұмысты аяқтауда.

Ағымдағы жылғы наурыздың соңына дейін мемлекеттік органдар жұмыс топтарымен бірлесіп, Тізілімге енгізу үшін жетекшілік ететін салалар бойынша реттеу актілерінің тізбесін қалыптастырады.

Ағымдағы жылғы 30 наурыздан бастап кестеге сәйкес жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестікке қойылатын талаптарға талдау жүргізілетін болады.

Актілерді талдау және талқылау кезеңінен кейін мемлекеттік органдар оларды қайта қарауды жүргізеді.

Бүгінгі таңда Министрлік Бизнес-омбудсмен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп осы салалардағы реттеуші актілерді зертеу бойынша жұмысты жүргізді.

2021 жылы алдын ала 424 құқықтық актілер қаралғанын атап өткен жөн онда шамамен 17 558 талап белгіленген, оның 40%-дан астамы жаңа тәсілдеріне сәйкес келмейді.

Осылайша осы бағыттағы жұмыс бақылауда екенін атап өтеміз.

Сонымен қатар Заңға сәйкес Тізілім қалыптастырылатынын және жүргізілетінін атап өткен жөн. «Әділет» Ақпараттық-құқықтық жүйе базасында Тізілім жұмысын қалыптастыру және техникалық сүйемелдеу бойынша жұмыс қаржыландыруды талап етеді.

Министрлік 2021 жылғы қарашада Қаржы министрлігіне тиісті өтінім енгізді.

Сондай-ақ, салалық сарапшылардың реттеуші актілерді талдау және қайта қарау бойынша жұмысы қаржыландыруды талап етеді.

3. Сондай-ақ Заңда мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін өзгерту көзделген.

Мемлекеттік бақылаудың жаңа нысандары тексерулерден профилактикалық іс-шараларға көшуді қамтитын болады.

Заң шеңберінде Министрлік тексерулер жүргізу кестелерін қалыптастыру кезінде қамтамасыз ететін тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру жөніндегі норманы заңнамалық бекітуді қамтамасыз етті.

Бұл норма 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Мұндай автоматтандыру болмаған кезде бақылау субъектілерінің жалпы санының 5%-на ғана қатысты бақылауды жүзеге асыруға жол беріледі.

Бұл бақылау және қадағалау органдарының бизнестің проблемалық субъектілерін ретке келтіруге және шоғырландыруға, бұл ретте заңға бағынатын кәсіпкерлерге әкімшілік қысымды төмендетуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен кездесуде мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыруды аяқтауды тапсырды.

Бұл шаралар осы тапсырманы орындауға мүмкіндік береді.

Аталған тапсырманы сапалы іске асыру үшін Цифрлық даму министрлігі ағымдағы жылдың аяғына дейін мемлекеттік органдардың тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын бақылауға алуды қажет.

Бұл ретте Министрлік бүгінгі күні осы мәселе бойынша жұмыс тобын құрды және қазіргі уақытта Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бірлесіп Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі базасында тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі пысықталуда.

Тұтастай алғанда «таза парақтан» реттеуді енгізу бойынша одан әрі жұмыс жоспар-кесте шеңберінде жалғастырылатын болады және тұрақты бақылауда болады.

Дата публикации
01 марта 2022
Дата обновления
01 марта 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы