Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы Келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Т.М. Жақсылықовтың Сенаттың пленарлық отырысындағы баяндамасы

Сіздердің қарауларыңызға «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы Келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ұсынылады.

Заңға сәйкес АҚШ қаржы ұйымдарымен халықаралық іскерлік операциялар жүргізетін барлық шетелдік қаржы ұйымдары АҚШ салық төлеушілерінің шоттары туралы ақпарат беруге міндетті.

Заң жобасы қаржы ұйымдарының, оның ішінде кредиттік ұйымдардың, сақтандыру, брокерлік және басқа да осыған ұқсас компаниялардың қызметтерін қамтиды.

Осы режимге қосылмаған жағдайда, егер төлемді алушы АҚШ-та салық салынатын тұлға болса және аударылған қаражат АҚШ-тағы инвестициялармен байланысты табыс болса, халықаралық банк аударымдары сомасының 30% - ы ұсталуы мүмкін.

Келісімге қосылған қаржы институттары Қазақстанда шот ашқан барлық американдық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты анықтауға және ашуға міндетті болады.

Осыған ұқсас, Қазақстанның Келісімге қосылуы АҚШ-та шот ашқан барлық қазақстандық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Яғни, аталған мәселе бойынша елдер арасындағы өзара іс-қимыл Қазақстанның бюджетіне де оң әсерін тигізеді.

Келісімге сәйкес, Қазақстан орталықтандырылған ақпарат жинауды көздейтін модельді неғұрлым оңтайлы ретінде таңдады, өйткені осы модельді іске асыру:

- қаржы жүйесін бақылауды сақтауға;

- АҚШ-тан Қазақстанның резиденттері және азаматтары туралы ұқсас ақпарат алуға;

- ҚР қаржы институттарының әкімшілік шығындарын қысқартуға;

- Келісімнің талаптарымен байланысты қаржы секторы үшін тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді.

 «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Келісім ратификациялауға жатады.

Дата публикации
10 февраля 2022
Дата обновления
10 февраля 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы