Меню

Страницы

Статья

«Әріптестік туралы негіздемелік келісімді (2014 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасын экономикалық әртараптандыру және оның орнықты дамуына, жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге түзетулер мен толықтырулар) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы БАЯНДАМА

«Әріптестік туралы негіздемелік келісімді

(2014 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы  Қазақстан Республикасын экономикалық әртараптандыру және оның орнықты дамуына, жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге түзетулер мен толықтырулар)

ратификациялау туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

БАЯНДАМА

 

 

 

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!

Құрметті депутаттар!

 

 

 

Сіздердің қарауларыңызға 2019 жылғы 27 тамызда
Нұр-Сұлтан қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы әріптестік туралы Негіздемелік келісімді ратификациялау туралы Заң жобасы ұсынылып отыр.

Келісім мемлекеттік кепілдікпен қарыз алу кезінде Азия Даму Банкінің ережелері мен талаптарын сақтау бойынша нормаларды белгілейді. Олар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу, экологиялық және әлеуметтік қорғау шаралары, негізгі еңбек стандарттары, төлемдер, ақпаратты ашу, гендерлік даму бойынша ережелер мен талаптар.

Бұл шарттарды мемлекеттік кепілдікпен алынған қарыздарда қолдану жобалардың қаржыландыру тетіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

Келісімге сәйкес ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары макроэкономикалық орнықтылықты арттыру, инфрақұрылым мен коммуналдық қызметтерді жаңғырту, ауыл шаруашылығы секторын дамытуға жәрдемдесу, шағын және орта бизнесті қаржыландыруға қолжетімділікті жақсарту, инфрақұрылымға және денсаулық сақтау мен білім беру сияқты әлеуметтік секторларға инвестицияларды ұлғайту болып табылады.

Азия Даму Банкінің қызметі жұмыс орындарын құру, инновацияларды ынталандыру, әлеуетті ұлғайту, білім мен үздік халықаралық практикаларды енгізу негізінде кең ауқымды қолдау көрсету арқылы экономикалық дамуға өз үлесін қосып отыр.

Келісімді ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді.

Қолдауыңызды сұраймын!

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
17 марта 2020
Дата обновления
17 марта 2020
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы