Өткен жылдан бастап инфляцияның өсуі негізгі макроэкономикалық тенденциялардың бірі болып табылады.
Әлемдегі азық-түлік бағасының өсуі негізгі фактор болып табылады. Бұл жаһандық пандемиядан кейін логистикалық тізбектердің қалпына келуінің әлі де жалғасып жатқанының нәтижесі болып табылады.
Нәтижесінде, 2021 жылы әлемнің негізгі экономикаларында инфляцияның рекордтық көрсеткіштері байқалды.
Қазақстандада 2021 жылы инфляциялық жағдайдың нашарлауы байқалды.
Өткен жылдың қыркүйегінде инфляция бір жыл ішінде ең жоғары мәндерге жетті.
Инфляцияның жеделдеуіне азық-түлік тауарлары, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары негізгі үлес қосты.
Бағаның өсуін тежеу мақсатында өткен жылдың қыркүйегінде 2021-2024 жылдарға инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешені қабылданды.
Ол 2 бағыт бойынша асырылатын іс-шаралардан тұрады – жедел және орта мерзімді шаралар.
Бұл шаралар бағаның өсуін тежеуді, сондай-ақ бекітілген нысаналы дәлізде инфляция қарқынын ұстап тұруға бағытталған жүйелі шараларды көздейді.
Шаралар кешенін іске асыру қорытындылары бойынша экономикаға инфляциялық қысымды төмендетуге қол жеткізілді, соның нәтижесінде 2021 жылғы желтоқсанда инфляция қыркүйектегі ең жоғары мәндермен салыстырғанда 0,5 п.т. баяулады. Ал басқа елдерде инфляция қарқыны өсу үрдісін жалғастырды.
2022 жылғы 11 қаңтарда Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп инфляцияны бақылау бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Үкімет келесі шараларды қабылдады:
коммуналдық қызметтер тарифтерінің артуы тоқтатылды;
Қазақстан Республикасының аумағынан кейбір тауарларды әкетуге тыйым салынды;
жанар-жағармай материалдарына шекті бағалар белгіленді және бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін 6 ай мерзімге әкетуге тыйым салынды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын әрі қарай орындау шеңберінде тауарлардың физикалық қолжетімділігін жақсарту, бағалық реттеу, мемлекеттік бақылау шараларын енгізу бойынша бірқатар шараларды, сондай-ақ де инфляцияны төмендету бойынша жүйелі шараларды жүзеге асыру ұсынылады.
Бірінші бағыт шеңберіндегі шаралар көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруды ұлғайтуды, агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау тетігін жетілдіруді, бірқатар салаларда импорт алмастыратын жобаларды іске асыруды және басқа да іс-шараларды қамтиды.
Екінші бағыт шеңберіндегі шаралар энергетикалық және коммуналдық-тұрмыстық көмірге бағалық реттеуді енгізуді, коммуналдық қызметтерге бағаларды арттыруға мораторий енгізуді, шекті бағалардың болжамды дәлізін айқындауды қамтиды.
Үшінші бағыт шеңберіндегі шаралар белгілі бір нарықтардағы бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдауды, Мұнай және мұнай өнімдері нарығындағы делдалдық буынды қысқартуды және биржалық сауданы дамытуды қамтиды.
Жүйелі шаралар шеңберінде тұтыну қоржынына кіретін ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін және басқа да азық-түлік тауарларын тұтынудың/өндірудің болжамды теңгерімін құру, мониторинг нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қабылдау жоспарлануда.
Қабылданған шараларды жүзеге асыру нәтижесінде тауарлар дефицитін болдырмай отырып, инфляцияны және оның компоненттерін мақсатты дәрежеде ұстап қалу күтілуде.
Мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізудің тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында оларды алушылардың қарсы міндеттемелерін белгілей отырып, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесі қайта қаралатын болады.
Қабылданып жатқан шаралар бағаны біртіндеп тұрақтандыруға және бизнес ахуалды, оның ішінде инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал ететін болады.