Меню

Страницы

Статья

ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.С. Қуантыровтың ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру бойынша 2022 жылғы 12 қаңтардағы ҚР Үкіметінің отырысындағы баяндамасы

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды кешенді жақсарту бойынша тапсырмалар берді.

Халықтың табысын арттыру бағдарламасы бойынша

Бағдарламаны қалыптастыру үшін мемлекеттік органдармен инфляцияны тежеу, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, азаматтардың жекелеген санатарына жалақыны арттыру шараларын және басқа да шараларды қамтитын мәселелерді пысықтау ұсынылады.

Бизнеске жүктемені түбегейлі төмендету мәселесі бойынша

Кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша заңды іске асыру шеңберінде мемлекеттік реттеудің бүкіл массивін толық қайта қарау жүргізілетін болады.

Бюджеттің кіріс бөлігін нығайту бойынша

Біріншіден, тау-кен секторынан қосымша түсімдер алу.

Баға конъюнктурасына байланыстыра отырып, барлық қатты пайдалы қазбалар бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың қосымша мөлшерін есептеу тетігін белгілеу ұсынылады.

Екіншіден, мұнай өнімдерін өндірушілер мен жеткізушілер тізбегінен маржаның бір бөлігін алу.

Инвестициялық тартымдылықты қалпына келтіру бойынша

Министрлік ағымдағы жылдың ақпан айында 2025 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасын қабылдауды жоспарлап отыр.

Оның шеңберінде инвестициялар тарту саясаты ESG, жаһандық энергетикалық және технологиялық көшу талаптарын ескере отырып, қайта қаралатын болады.

Бюджетаралық қатынастарды одан әрі реформалау бойынша

Министрлік келесі ұсыныстарды пысықтауда.

Бірінші. ШОБ-тан корпоративтік табыс салығы түсімдерін беру тетігіне ұқсас, 2023 жылдан бастап салықтың жекелеген түрлерін жергілікті деңгейге беру жоспарланып отыр.

Екінші. Орталық пен өңір арасындағы қарама-қарсы қаржы ағындарын азайту ұсынылады.

Ұсынылған шараларды жүзеге асыру үшін бюджет заңнамасына түзетулер пакеті дайындалатын болады.

Қазіргі уақытта аталған тәсілдер орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ұйымдармен пысықталуда.

Мемлекет басшысының басқа тапсырмалары бойынша ұсыныстар мұқият пысықталып, жақын уақытта қосымша ұсынылады.

Дата публикации
12 января 2022
Дата обновления
12 января 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы