Меню

Страницы

Статья

"ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын жетілдіру, бағалау қызметін және атқарушылық іс жүргізуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің Сенаттың пленарлық отырысындағы баяндамасы

Қарау үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын жетілдіру, бағалау қызметі мен атқарушылық іс жүргізуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы ұсынылып отыр.

Заң жобасы Мемлекет Басшысының тапсырмаларын, Парламент пен Есеп комитетінің ұсынымдарын іске асыруға бағытталған.

Жалпы алғанда түзетулердің төрт негізгі блогы көзделеді.

Түзетулердің бірінші блогы бюджет процесіне жаңа Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің элементтерін интеграциялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыспен байланысты.

Осы жылдың басында жаңа Мемлекеттік жоспарлау жүйесі бекітілді. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі жалпыұлттық басымдықтар, салаларды дамыту тұжырымдамалары мен ұлттық жобалар сияқты жаңа құжаттармен толықтырылды.

Жаңа жүйенің ерекшелігіне сәйкес бюджеттік қаражатты жоспарлау үшін мақсаттар және міндеттер жалпыұлттық басымдықтар мен ұлттық жобаларда айқындалады.

Осылайша, бюджетті жаңаша жоспарлауы нәтижеге бағытталған бюджеттеуді қалыптастыру бойынша көп жылғы жұмыстың жалғасы деп айтуға болады.

Түзетулердің екінші блогы Мемлекет Басшысының Жолдауларында айтылған үнемді және жауапты бюджет саясатын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.

Үкіметпен Бюджет кодексінде контрциклдік бюджет қағидаларын регламенттеу жөнінде шаралар қабылдануда. Осы қағидалар бюджеттің орнықтылығын арттыруға, Ұлттық қордың қаражатын үнемдеуге және ұтымды пайдалануға ықпал етеді.

2022 жылдан бастап контрциклдік бюджет қағидаларын енгізу кепілдендірілген трансферттің мөлшері «кесімді баға» кезінде Ұлттық қорға болжанатын түсімдерден аспайтын мөлшерде айқындалуда. Сондай-ақ, түзетілген инфляцияның нысаналы деңгейіне бюджет шығыстарының өсуін ұзақ мерзімді экономикалық өсу деңгейіне шектеуге мүмкіндік береді.

«Кеңейтілген бюджетті» енгізу үшін келесі жылдан бастап шоғырландырылған бюджет құрамында екі бюджеттен тыс қорлардың – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорларының қаржысы ескеріледі.

Осы фондтардың кірістері мен шығыстарының болжамы жеке қосымша түрінде республикалық бюджет жобасымен бірге Парламентке ұсынылады.

Бюджетті жоспарлаудың сапасын арттыру мақсатында келесі жылдан бастап бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының тұрақтылығы туралы талдамалық есеп республикалық бюджет жобасымен бір мезгілде Парламентке ұсынылатын болады.

Түзетулердің үшінші блогында бюджет процесінің элементтерін бюджетаралық қатынастар, бюджеттің қалыптастырылуы және орындалуы, жауапкершілікті күшейту сияқты үш бағытта жетілдіру көзделеді.

Бірінші бағыт – бюджетаралық қатынастар.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға жергілікті бюджетке түсетін кірістерді болжамдау әдістемесін әзірлеу жөніндегі құзырет беріледі. Өңірлер өз ерекшеліктерін ескере отырып, кіріс базасын дербес болжай алады. Бұл норма жасалатын болжамдардың кемшіліктерін азайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекет Басшысының тапсырмасымен, былтырдан бастап шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен корпоративтік табыс салығының түсімдері жергілікті бюджетке берілгені өздеріңізге мәлім. Бұл түсімдердің одан әрі тиімді бөлінуі үшін облыстық бюджеттен аудандық бюджетке бөлудің нормативін 50 пайыздан кем емес деңгейде белгілеу ұсынылады. Осындай мөлшер корпоративтік табыс салығының түсімдерін облыстар ішінде қайта бөлу талдаудың негізінде қабылданды.

Осы бағыттың шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың нысаналы даму трансферттерінің қаражатын пайдаланудағы есептілігін күшейту бойынша шаралар қабылдануда.

Осыған орай, республикалық бюджет жобасында Парламентке нысаналы даму трансферттерін пайдалану туралы талдамалық ақпаратты беру ұсынылады. Парламентте Үкімет жылдық есеп беру кезінде өңірлердің бірінші басшыларының нысаналы даму трансферттерін пайдалану жөніндегі есептерін тыңдауға шақырылатын болады.

Осылайша, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің қаражатын пайдалану мәселелері бойынша республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен жергілікті атқарушы орган арасындағы жауапкершілікке қатысты түсінбеушіліктер жойылады.

Екінші бағыт – бюджетті жоспарлау және оның атқарылуының сапасын қамтамасыз ету.

Бюджет қаражатының күтілетін игерілмеуіне байланысты даму жоспарларының нысаналы индикаторлардың көрсеткішін төртінші тоқсанда түзетуге шектеу қойылады. Сондай-ақ, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бекітілген заттай нормаларға жылына бір реттен артық  өзгерістер енгізуге тыйым салынады.

Үшінші бағыт – қарыз қаражатын басқару кезіндегі жауапкершілікті күшейту.

Жергілікті атқарушы органдарға борыштық міндеттемелер бойынша үшінші тұлғалар үшін міндеттемелер қабылдауға тыйым салынады. Сондай-ақ, қарыз қаражатын белгіленген мерзімде игермегені үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінінің бірінші басшыларының жауапкершілігі қаралып отыр.

Төртінші блок – жалпы ипотекалық қарыз алушылардың құқықтарын күшейтуге, мүлікті бағалау және іске асырудың ашықтығы мен объективтілігін арттыруға, сондай-ақ салық заңнамасын жетілдіруге бағытталған.

Осыған байланысты бірқатар кодекстер мен ипотека, атқарушылық
іс жүргізу, бағалау қызметі, төлемдер және төлем жүйелері туралы және басқа заңдардың ережелері өзгеретін болады.

Жалпы заң жобасы бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша жылдар бойы жүргізіліп жатқан жұмыстың жалғасы болып табылады. Заң жобасының қабылдануы елімізді дамытудың басым бағыттарын іске асыру үшін бюджет қаражатын шоғырландыруға, бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін арттыруға, бюджеттің атқарылу сапасын жақсартуға және ипотекалық қарыз алушылардың құқықтарын күшейтуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
23 декабря 2021
Дата обновления
23 декабря 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы