Меню

Страницы

Статья

«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы» және «Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы» Заң жобасы туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің Сенаттың пленарлық отырысындағы баяндамасы

Еліміздің алдағы бес жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы:

Өткен жылғы жалпы ішкі өнім бойынша есептік статистикалық деректерді және экономика дамуының осы жылдың қаңтар-шілде айларындағы қорытындылары мен Халықаралық қаржы ұйымдарының әлемдік экономиканың өсуі бойынша жаңартылған болжамдарын ескере отырып қалыптастырылды.

Келесі жылы, әлемдік экономика 4,9 пайызға, 2023 жылы – 3,5 пайызға өседі деп күтілуде.

Халықаралық қаржы ұйымдарының консенсус-болжамы бойынша келесі жылы мұнайдың бағасы барреліне 64,5 доллар, ал 2023 жылы – 58 доллар деңгейінде болады.

Болжам пандемиядан кейінгі қалпына келтірудің жаһандық үрдістерін ескере отырып әзірленді.

Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің экономикасының белселділігі  байқалып отыр.

Әлеуметтік - экономикалық дамудың болжамында әлемдік тауарлар нарығындағы бағаның құбылмалығы, халықаралық сауда және инвестициялық трендтер есепке алынды.

Осы жағдайларды ескере отырып,  макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы консервативті тәсілде қалыптасты.

Бюджетті жоспарлауға негіз ретінде базалық сценарий алынды. Оған сәйкес мұнай бағасы барреліне 60 доллар деп   болжанып отыр.

2022 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3,9 пайыз деңгейінде болжануда. Бұл көрсеткіш 2026 жылы 5,2 пайызға дейін жетеді. Бес жыл аралығында жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсу қарқыны 4,8 пайызды құрайды.

Экономиканың сапалы өсуінің негізгі драйверлерінің бірі және оның тұрақтылығының негізгі факторы шикізат емес сектор болады. Өңдеу өнеркәсібі орташа алғанда 4,1 пайыз деңгейінде өсіп, тау-кен өндіру өнеркәсібінің өсу қарқыны 3,9 пайызды  құрайды.  

Алдағы жылы мұнай өндіру көлемі 87,9 миллион тоннаны құрап, 2026 жылы 107,4 миллион тоннаға дейін ұлғаяды. Мұнай өндіру көлемінің өсуі 2023 жылы Каспий құбыр консорциумы қазақстандық учаскесі бойынша қуатын арттыру есебінен күтілуде.

Орташа жылдық өсім ауыл шаруашылығында 5 – пайызды, құрылыста – 3,9 пайызды құрайды.

Қызмет көрсету өндірісі орташа алғанда 5,4 пайызға өседі.

Келесі жылы номиналды жалпы ішкі өнім 87,1 триллион теңгені, ал халықтың жан басына шаққандағы көлемі 10,7 мың долларды құрайды. Осы көрсеткіштер 2026 жылы 119,9 триллион теңгеге және 14,2 мың долларға дейін өседі.

2022 жылы тауарлар экспорты мен импорты 60,1 және 40,8 миллиард долларға сәйкес деңгейінде болжанып отыр. 2026 жылға дейін 79,8 және 43,4 миллиард долларға дейін ұлғаяды.

Сауда балансының сальдосы 19,3 миллиард доллардан 36,4 миллиард долларға дейін өседі.

Жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі келесі жылы 4-6 пайыз деңгейінде сақталады. 2023-2024 жылдары – 4-5 пайыз, 2025-2026 жылдары – 3-4 пайыз аралығында анықталған.

Осы макроэкономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, бюджет параметрлерінің мынадай болжамы әзірленді.

Республикалық бюджеттің кірістері 2022 жылы болжамдар бойынша 9,2 триллион теңгені, 2023 жылы – 9,7 триллион теңгені, 2024 жылы – 10,4 триллион теңгені құрайды.

Кепілдендірілген трансфертті 2022 жылы – 2,4 триллион теңге, 2023 жылы – 2,2 триллион теңге және 2024 жылы – 2 триллион теңге мөлшерінде айқындау ұсынылып отыр.

Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан
сәйкес үш жылға кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы әзірленді.

Тартылатын қаражат республикалық бюджеттен төленетін ортақ және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын болады.

Қосымша Ұлттық қордан келесі жылға 550 миллиард теңге, одан кейінгі екі жылға 400 миллиард теңгеден нысаналы трансферт тарту жоспарланған.

Бұл қаражатты «Нұр-Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының іс-шараларын қаржыландыруға бағыттау ұсынылады.

Жоспарланып отырған трансферттерді ескере отырып мұнай бағасы барреліне 60 доллар болған кезде мұнай секторынан Ұлттық қорға түсетін түсімдер болжам бойынша 2022 жылы 2,5 триллион теңгеден 2024 жылы 3 триллион теңгеге дейін ұлғаяды.

Осы аралықта Ұлттық қордың валюталық активтері
де 55,3 миллиард доллардан 61,6 миллиард долларға дейін артады деп болжануда.

Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты
2022 жылы 3,3 пайыз деңгейінде, кейіннен 2024 жылы
2,5 пайызға дейін төмендеумен болжануда.

Орта мерзімді кезеңде контрциклдық саясат шеңберінде мұнай емес бюджет тапшылығы деңгейін жалпы ішкі өнімге қатысты 2022 жылы 8,1 пайыздан 2024 жылы 6,3 пайызға дейін төмендейді.

Республикалық бюджеттің шығыстары 2022 жылы
15,9 триллион теңге, 2023 жылы – 15,6 триллион теңге және 2024 жылы – 16 триллион теңге көлемінде болжанып отыр.

Жалпы үш жылдық бюджет жобасын қалыптастыру мемлекеттік жоспарлау жүйесін трансформациялау жағдайында жүзеге асырылды.

Жылдың басында қабылданған жалпыұлттық басымдықтар мен елдің дамуының ұлттық жоспары бюджет саясатының басымдықтарын айқындады.

Мемлекеттік органдардың қаржылық қажеттілігіне олардың дамыту жоспарларының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына сәйкес басымдық берілді.
Осы жұмыстың нәтижесі бюджет шығыстарының лимитін анықтағанға ұсынылды.

Осымен қатар Парламент депутаттары мен Есеп комитетінің ұсыныстарын ескере отырып өткен жылы Бюджет кодексімен қабылданған толықтырулар іске асырылды.

Бұл шығыстардың экономикалық әсеріне бағалау жүргізу. Осындай бағалаумен, бюджеттік субсидиялар мен инвестициялар  қамтылды.

Үкіметпен бюджет процессіне жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесінің элементтерін – ұлттық жобалар мен мемлекеттік органдардың даму жоспарларын интеграциялау бойынша жұмыс жалғасуда.

Жалпы, еліміздің алдағы бес жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, оның ішінде бюджет параметрлері мемлекеттік жоспарлау жүйесі мен еліміздің Президенті жолдауларының негізгі қағидаларына қол жеткізуге, сондай-ақ Парламенттегі депутаттардың бастамаларын орындауға бағытталған.

Дата публикации
18 ноября 2021
Дата обновления
18 ноября 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы