Меню

Страницы

Статья

ҚР ӘЭД 2021 жылғы қаңтар-қазан қорытындылары туралы ҚР Үкімет отырысындағы Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің баяндамасы

Ағымдағы жылғы қаңтар-қазан айларында Қазақстан экономикасының өсу көрсеткіші 3,5%-ды құрады.

Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша қызмет көрсету секторындағы өсу қарқынының жеделдеуі, өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс салаларының экономиканың өсуі мен тұрақтылығының драйверлері болып қала беруі, экспорттың жоғары өсім динамикасы, өндіруші емес секторлардағы жоғары инвестициялық белсенділіктің сақталуы байқалуда.

Осы жылдың қаңтар-қазанында нақты сектордағы өсім 2,9% құрады.

Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,4%-ға дейін өсті.

Салалар арасында ақпарат және байланыс, сауда, сумен жабдықтау, құрылыс, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсетуде.

Ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту экономикалық өсудің маңызды факторы болып қалып отыр. Бұл ретте өндіруші емес салалар инвестициялар бойынша тартымды бағыт болып сақталуда.

Ағымдағы жылдың 10 айында негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 2,5%-ды, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 14%-ды құрады.

Инвестициялар құрылыс саласында – 2,2 есеге, өңдеу өнеркәсібінде – 78,6%-ға, ауыл шаруашылығында – 41,9%-ға, саудада – 31,4%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында – 17,4%-ға және қаржы саласында – 12,1%-ға өсті.

Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Павлодар облыстарында байқалуда.

Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда тауар айналымы 72,8 млрд долларын құрап, оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 43,3 млрд долларына дейін жетті. Бұл ретте, өңделген тауарлар экспорты 25,5%-ға өсіп, 14 млрд долларына дейін жетті.

Тауарлар импорты 29,5 млрд долларын құрады.

Жалпы, оң сауда балансы өткен айға қарағанда 1,8 млрд долларына өсіп, 13,8 млрд долларын құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсу үрдісі сақталуда. Ағымдағы жылғы қаңтар-қазанда сала бойынша өндіріс көлемі 5,3%-ға өсті.

14 өңір бойынша оң өсу көрсеткіші тіркелді. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы, Қостанай және Қызылорда облыстарында байқалуда.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша фармацевтикалық өнім өндіру 33,6%-ға, машина жасау – 19,5%-ға, оның ішінде автомобиль жасау – 23,4%-ға, вагондар мен локомотивтер өндірісі – 59%-ға, сондай-ақ құрылыс материалдары – 9,3%-ға, пластмасса бұйымдары – 36,5%-ға, дайын металл бұйымдары – 16,4%-ға, киім – 11,4%-ға және жиһаз – 11,8%-ға деңгейінде серпінді өсуді көрсетіп отыр.

Тау-кен өнеркәсібінде өсудің оң аймағына шығу байқалуда. Есепті кезеңде сала бойынша өндіріс көлемі 0,1%-ға артты.

Салалар бойынша өндіріс металл кендерін өндіру бойынша 4,1%-ға, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 2,1%-ға, көмір өндіруде – 0,2%-ға өсті.

Шикі мұнайды, газды және өзге де пайдалы қазбаларды өндіру салаларында өндірістің әлі де теріс көрсеткіштері сақталуда.

Өткен 10 ай қорытындысы бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 7,6%-ға өсіп, құрылыс секторы жоғары қарқынын сақтауда.

Көрсеткіштің оң өсімі 16 өңір бойынша тіркелген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсуі Маңғыстау және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалуда.

Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жалпы алғанда оң динамика сақталуда.

Есепті кезеңде 11,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 7,9%-ды құрады.

Оң динамика 15 өңір бойынша тіркелді, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалуда.

Ауыл шаруашылығында есепті кезеңде өндірістің 2,3%-ға төмендеуі тіркелді.

Ең төмен көрсеткіштер Қостанай және Ақмола облыстарында байқалуда.

Саладағы өндірістің оң өсуі 9 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары көрсетті.

7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында жалпы жағдай мынадай.

Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу 4 өңірде – Алматы және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында байқалуда.

6 көрсеткіш бойынша 9 өңірде өсу байқалады. Олар Алматы қаласы, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстары.

Сонымен қатар, 5 көрсеткіш бойынша оң өсім екі өңірде, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады. 

Ал, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында төмен көрсеткіш тіркеліп отыр.

Орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылып отыр.

1.Ауыл шаруашылығы кешенінде өнімнің жоспарланған сату көлемдерін және құрылыс саласындағы кезеңнің уақытында бітіруін қамтамасыз ету.

2. Инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешенінің шараларының тиімді жүзеге асырылуын қадағалау.

3. Халықты вакцинациялау және ревакцинациялау, кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шараларын уақытында ұсыну.

4. Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде құрылып жатқан жұмыс орындарын динамикалық мониторингтеу, тұрақты жұмыс орындарының үлесін арттыру.

5. Нақты сектордағы өндірудің жоғары көлемдерін сақтау және өнімнің экспортқа шығарылуын белсенді түрде ынталандыру.

 

Дата публикации
10 ноября 2021
Дата обновления
10 ноября 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы