Меню

Страницы

Статья

ҚР 2022-2026 жылдарға арналған ӘЭДБ бойынша ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің Мәжіліс отырысындағы баяндамасы

2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сыртқы және ішкі факторлары әсер етті.

Республикалық бюджет жобасы мұнайдың бағасы барреліне 60 доллар болғанда қалыптастырылды.

Мұнай өндіру көлемі 2022 жылғы 87,9 миллион тоннадан 2026 жылы 107,4 миллион тоннаға дейін ұлғаяды.

2022 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3,9% деңгейінде болжануда. 2026 жылы 5,2% -ға дейін жетеді.

2026 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 119,9 триллион теңгеге өсуімен 2022 жылы
87,1 триллион теңгені құрайды.

2022 жылы тауарлар экспорты 60,1 миллиард доллар деңгейінде болжанып отыр және 2026 жылға дейін 79,8 миллиард долларға дейін ұлғаяды. Тауарлар импорты 2022 жылы 40,8 миллиард доллардан 2026 жылы 43,4 миллиард долларға дейін ұлғаяды.

Ұлттық Банк жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 2022 жылы 4,0-6,0%, 2023-2024 жылдары – 4,0-5,0% аралығында, 2025-2026 жылдары – 3-4% шегінде сақталған.

Осы макроэкономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, республикалық бюджеттің кірістері трансферттерді есепке алмағанда 2022 жылы болжамдар бойынша 9,2 триллион теңгені,
2023 жылы - 9,7 триллион теңгені, 2024 жылы - 10,4 триллион теңгені құрайды.

Кепілдендірілген трансфертті 2022 жылы - 2,4 триллион теңге, 2023 жылы - 2,2 триллион теңге және 2024 жылы - 2,0 триллион теңге мөлшерінде айқындау ұсынылып отыр.

Бұдан басқа, Ұлттық қордан 2022 жылы 550 миллиард теңге мөлшерінде, оның одан әрі қысқаруымен 2023-2024 жылдары жыл сайын 400 миллиард теңгеден нысаналы трансферт тарту ұсынылады.

2022 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты 3,3% деңгейінде, кейіннен 2024 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 2,5% дейін төмендеумен болжанып отыр.

2022 жылы мұнай емес тапшылық ішкі өнімге қатысты 8,1% құрап, кейіннен 2024 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 6,3% дейін төмендейді.

Республикалық бюджеттің шығыстары 2022 жылы 15,9 триллион теңге, 2023 жылы – 15,6 триллион теңге және 2024 жылы – 16,0 триллион теңге көлемінде болжанып отыр.

Жалпы, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға, ұлттық экономиканы сапалы және тұрақты дамытуға бағытталған.

Дата публикации
20 октября 2021
Дата обновления
20 октября 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы