Қарау үшін «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңының жобасы енгізіліп отыр.
Заң жобасы Бюджет кодексінің 24 бабына сәйкес әзірленді.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 2022 жылы 2,4 трлн. теңге, 2023 жылы 2,2 трлн. теңге, 2024 жылы 2,0 трлн. теңгеге белгілеу ұсынылады.
Кепілдендірілген трансфертті республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағыттау ұсынылады.