Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмасына сәйкес 2019 жылдан бастап «Ауыл - Ел бесігі» жобасы жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты инфрақұрылымды жаңғырту есебінен, оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне жеткізе отырып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өмір сүруге жайлы орта құру болып табылады.
Жобаның шеңберінде 3,5 мыңнан астам перспективалы ауыл айқындалды, онда еліміздегі ауыл халқының 90% - ға жуығы тұрады.
Атап айтсақ,1 173 тірек және 2 388 спутниктік ауыл іріктелді.
Тірек ауыл - бұл көлік байланысы бар және әлеуметтік игіліктер мен қызметтер көрсететін,оның ішінде спутниктік ауылдардың тұрғындары үшін де дамыған инфрақұрылымы бар абаттандырылған елді мекен.
Перспективалы ауылдарды іріктеу кезінде, 156 параметр негізінде статистикалық талдау жүргізілді.
Бұл ретте, ортақ пайдаланылатын инфрақұрылымды орналастыру мүмкіндіктері, экономикалық параметрлер, сондай-ақ геостратегиялық жағдай-ірі қалаларға, өзендерге, темір жолдар мен автомагистральдарға дейінгі қашықтық, яғни халықты қамтудың шынайы көрінісі ескерілді.
Жобаны іске асыру мақсатында ауылдардың әлеуетін анықтау әдістемесі өзектендірілді.
Жаңа әдістемеге сәйкес әлеуетті айқындау 4 блок бойынша анықталды: демография, инфрақұрылым, экономика және геокеңістіктік жағдай.
Жаңа әдіснама әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибені зерделей отыра, өңірлер арасындағы инфрақұрылымдық алшақтықтары бар, атап айтқанда Канада тәжірибесі ескерілді.
Ауылдық елді мекендерді дамыту үшін инфрақұрылымға инвестиция салу, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, сондай-ақ тұрғын үй салу мен жаңарту бойынша шаралар қабылданды.
Канадада бұл шаралардың тиімділігін арттыру үшін кластерлік тәсіл қолданылды, онда жақын орналасқан ауылдар бірыңғай экономикалық жүйе ретінде қаралады.
2019-2020 жылдары қолданыстағы бағдарламалық құжаттар шеңберінде барлық көздер есебінен ауылдық жерлерде жалпы сомасы 618 млрд. теңгеге 12 мыңнан астам жоба іске асырылды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 5,2 мың км инженерлік желілерді жаңғырту бойынша 1225 жоба іске асырылды.
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту саласында 2 218 жоба жүзеге асырылды.
1 213 мектеп пен балабақша, 234 фельдшерлік пункт, амбулаториялар мен емханалар, 596 клуб, мәдениет үйлері мен кітапханалар, 175 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен спорт залдары cалынды және жөнделді.
Көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 8 580 жобаны іске асыру нәтижесінде 9 мың км кент ішіндегі жолдар жаңғыртылды.
Ағымдағы жылы іске асырылып жатқан бағдарламалар шеңберінде 566 млрд. теңге сомасына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты,әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 6,5 мың жоба іске асырылуда.
Нәтижесінде 2,5 мың км инженерлік желілер және 5 мың км кент ішіндегі жолдар жаңғыртылатын болады.
632 мектептер пен балабақшалар, 70 денсаулық сақтау нысандары, 300 мәдениет үйлері, клубтар мен кітапханалар, 96 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен спорт залдары салынатын және жөнделетін болады.
Ағымдағы жылы «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд.теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына қаржыландыру жоспарына сәйкес игерілгені 96%.
Бүгінде кейбір өңірлерде аяқталған жобалардың үлгілері бар. Мәселен, Қостанай облысының Ұзынкөл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.
Павлодар облысының Қызылжар ауылында ауысымына 100 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.
Қызылорда облысында Жалағаш ауылындағы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жамбыл облысында Айша-бибі ауылындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Жалпы 2019-2021 жылдары Мемлекеттік бағдарламалар бойынша және жеке инвестициялар есебінен ауылдық аумақтарды дамытуға 1,2 трлн. теңге бағытталды.
Келесі 4 жыл ішінде 1,3 трлн. теңге бөлінеді, оның ішінде «Ауыл-Ел бесігі» шеңберінде – 670 млрд.теңге.
2025 жылға дейін, даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл қамтылып, онда ауыл тұрғындарының 90% - дан астамы тұратын болады.
Жалпы, ауылдық жерлерді дамыту жөніндегі кешенді тәсіл 2025 жылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, ауыл халқын сумен жабдықтау қызметтерімен 100% қамтамасыз етуге қол жеткізіледі.
Жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік барлық ауыл тұрғындары үшін қамтамасыз етіледі.
Ауылдық жерлерде 24 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Жергілікті маңызы бар жолдардың 95% жақсы жағдайда болады.
12 мың шақырым инженерлік желілер салынатын және жаңғыртылады.
10 мың шақырым кент ішіндегі жолдар салынатын және жөндеумен қамтылатын болады.
Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру шеңберінде ауылдық жерлерде 5 мың мектепті жаңғырту және 315 жаңа мектеп салу жоспарлануда.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100% қамтылатын болады.
Барлық ауыл мектептері білікті педагогтармен қамтамасыз етіледі.
1 095 объектіні салу және жаңғырту ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесі қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ауылда спортпен айналысу және шығармашылықты дамыту үшін жағдай жасау мақсатында 1 719 спорт және 1,5 мың мәдениет объектілері салынып, жаңғыртылатын болады.
Агроөнеркәсіптік кешен саласында 4,5 трлн теңге сомасына 934 инвестициялық жоба іске асырылатын болады.
600 мың гектар жаңа суармалы жерлерді айналымға тарту 70 мың отбасылық шаруашылық құруға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2,5 есе артады.
Қайта өңделген өнімнің үлесін 70% - ға дейін жеткізе отырып, АӨК өнімдерінің экспорты 2 есеге артады.
7 ірі жүйенің экожүйесін қалыптастыру есебінен 1 млн. ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыру қамтамасыз етіледі.
500 мың жұмыс орны құрылады.
«Ауыл - Ел бесігі» жобасын іске асыру ауыл халқының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ете отырып, ауылдық аумақтарды дамытуға жаңа серпін береді.