Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі
(бұдан әрі – Жоба).
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы Заңымен акцизделетін тауарлар тізбесіне газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулар қоспасы және экологиялық отын енгізілді.
Осыған байланысты, Жобада көрсетілген тауарларға акциз мөлшерлемелерін белгілеу көзделеді.