Меню

Страницы

Статья

Ұлттық жобалар мәселесі бойынша ҚР Үкімет отырысындағы Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің баяндамасы

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің тапсырмасын орындау мақсатында, Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп үш Ұлттық жобаны әзірледі.

Олар «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» және «Кәсіпкерлікті дамыту», сонымен бірге «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты Ұлттық жобалар.

Аталған жобалар Еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспарын және «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша жол картасын орындау мақсатында әзірленді.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» Ұлттық жобасы келесі 5 бағытты қамтиды. Олар индустриялық-инновациялық даму, мұнай-газ-химия, энергетика кешендерін, геология саласын дамыту, сондай-ақ шикізаттық емес экспортты арттыру.

Аталған бағыттарды іске асыру шеңберінде 6 міндет, 13 көрсеткіш және 55 іс-шара көзделген.

Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 15,9 трлн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 402 млрд. теңге қарастырылған. 15,5 трлн. теңгеге жеке инвестициялар тарту көзделіп отыр.

Ұлттық жоба 2025 жылға қарай тұрақты экономикалық өсуді 5% пайыздан жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған.

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту бойынша шаралар қабылданатын болады. Өндіріс көлемін ұлғайтуға және өңдеу өнеркәсібі тауарларының номенклатурасын кеңейтуге ықпал ететін 418 индустриялық жобаны іске қосу жоспарлануда.

Ұлттық жоба шеңберінде 1000 белсенді экспорттаушының сыртқы нарықтарға шығуы, сондай-ақ 350 жуық экспорттаушыны «Alibaba» және «Amazon» сияқты халықаралық электрондық платформаларға шығару қамтамасыз етілетін болады.

Өңдеу өнеркәсібінің жоғары технологиялық өнімдерін шығару мақсатында 2025 жылға қарай 5 мұнай-газ-химия зауытын пайдалануға беру жоспарлануда.

Энергетикалық кешенді белсенді жаңғырту арқылы электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 6% жетеді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі 1,5 есеге артады.

Шикізаттық емес экспорт 2 есеге ұлғайып, 2025 жылы 41 млрд. долларды құрайды. Шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестицияларды 75% арттыру жоспарлануда.

Экономикадағы еңбек өнімділігі 1,2 есеге өседі. Энергетикалық кешенді жаңғырту есебінен 2000 мегаватт жаңартылатын энергия көздерінің қосымша қуаттарын іске қосу жүзеге асырылатын болады.

Геологиялық зерттелетін аймақтың көлемі 2,3 млн. шаршы киллометрге дейін ұлғайту жоспарлануда.

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша Ұлттық жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге және жаңа тауашаларды қалыптастыруға, сондай-ақ бәсекелестікті кешенді дамытуға бағытталған.

Аталған бағыттарды іске асыру шеңберінде 10 міндет, 30 көрсеткіш және 69 іс-шара көзделген.

Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 8,5 трлн. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджетте 1 трлн. теңгеден астам қаржы, ал жергілікті бюджеттерде 125 млрд. теңге қарастырылған. Сондай-ақ, 7,3 трлн. теңге сомасына жеке инвестициялар тарту қамтамасыз етіледі.

Ұлттық жоба кәсіпкерлік құрылымында сапалы өзгерістерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жеке кәсіпкерлікпен айналысуға жағдайлар жасау, кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне сәйкес дағдыларды дамыту, сонымен қатар субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша шаралар қабылданатын болады.

Ұлттық жобаның басты міндеттерінің бірі кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және экономикадағы мемлекеттің үлесін төмендету болып табылады. Ұлттық тауар өткізу желісін құру және жаңғырту жоспарлануда.

Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мақсатында 690 мың шағын және орта бизнес субъектісі мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылатын болады.

«Бастау Бизнес» аясында жеке ісін ашқан кәсіпкерлер саны 2 есеге өседі, соның ішінде 55 мың ауыл кәсіпкерлеріне нақты қолдау көрсетілетін болады.

Сауда инфрақұрылымының заманауи форматтарын құру мақсатында көп форматты сауда объектілері 6-дан 132-ге дейін ұлғайтылатын болады.

Жекешелендіруді дамытуға бағытталған шаралар мемлекеттің экономикадағы үлесін 14% дейін қысқартуды көздейді.

Қабылданған шаралар шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы ішкі өнімдегі үлесін 2025 жылға қарай 35% дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы базалық қызметтерге тең қолжетімділікті және еліміздің көліктік байланысын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл  өңірлер арасындағы қатынасты және өңірлер ішіндегі елді мекендердің бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді.

Осы бағыттарды іске асыру шеңберінде 4 міндет, 20 көрсеткіш және 94 іс-шара көзделген.

Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 7,6 трлн. теңге, оның ішінде республикалық бюджетте 4 трлн. теңгеден астам, ал жергілікті бюджеттерде  786 млрд. теңге қаражат қарастырылған. Бұл қаражат шамамен 2,8 трлн. теңге жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының негізгі шаралары мынадай болып табылады.

13,5 трлн. теңге тұрғын үй құрылысына инвестициялар тарту.

16 мың шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері салынады.

Екінші жолдарды салу және «Достық-Мойынты» учаскесін электрлендіру есебінен Қытай-Еуропа-Қытай қатынасының өткізу қабілетін 5 есеге ұлғайту жоспарлануда.

«Түркістан-Шымкент-Ташкент» жоғары жылдамдықты магистралінің құрылысы қамтамасыз етіледі.

Ұлттық жобаны іске асыру қорытындылары бойынша мынадай көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады.

Қалалар мен ауылдарда сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне 100% қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

2025 жылдың соңына дейін даму әлеуеті бар 3561 ауылдарды жаңғырту жоспарлануда.

103 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.

Республикалық автожолдардың барлығы және жергілікті деңгейдегі автожолдардың 95% жақсы жағдайға жеткізу көзделіп отыр.

Автомобиль жолдарының сапасын арттыру транзиттік жүк ағыны көлемін 2025 жылға қарай 30 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, жоғарыда аталған үш Ұлттық жобаны тиімді іске асыру тұрақты экономикалық өсуді 5% жоғары деңгейде қамтамасыз етуге, халықтың табысын 27% арттыруға және 450 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік рейтингінде инфрақұрылым сапасы бойынша Қазақстанның позициясын қырқыншы орынға дейін жақсарту көзделуде.

Ұлттық экономика министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Ұлттық жобалар шеңберіндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

Дата публикации
12 октября 2021
Дата обновления
12 октября 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы