Меню

Страницы

Статья

Маңғыстау облысының Кешенді жоспар бойынша ҚР Үкімет отырысындағы Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің баяндамасы

Қарау үшін Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жобасы ұсынылып отыр.

Кешенді жоспар 15 бағыттан және 214 іс-шарадан тұрады.

2021-2025 жылдарға арналған инвестицияларға жалпы қажеттілік 2,1 трлн. теңге, оның ішінде РБ – 338,8 млрд.теңге, ЖБ – 118,3 млрд. теңге, сондай-ақ жеке инвестициядан  – 1,6 трлн. теңге.

Өнеркәсіпте Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын, АЭА «Ақтау теңіз порты» аумағында каустикалық сода, құрамында хлор бар өнім өндіру зауытын салу, сондай-ақ химреагенттерді, трансформаторларды және т. б. өндіру бойынша 21 жобаны іске асыру көзделеді.

Өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша «Жылы жағажай» ауданында туристік кешен мен сауда қатарларын, келушілерге орталығы бар этноауыл, 9 қонақ үй, демалыс аймақтары, сауықтыру кешендерін салу сияқты шаралар қабылданатын болады.

Көлік және логистика бағыттары бойынша Ақтау қаласының жаңа терминалын салу және жұмыс істеп тұрған халықаралық әуежайын, Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалын жаңғырту.

Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Еңбек» бағдарламаларының құралдары белсенді қолданылатын болады. Сондай-ақ, Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында 2 көтерме-тарату орталығы салынады.

АӨК саласында 25 инвестициялық жоба іске асырылады, сондай-ақ АӨК субъектілеріне кредит беру және ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелері субсидияланатын болады.

Тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту саласында «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырынан магистральдық газ құбыры және «Бейнеу-Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының екінші тармағы салынатын болады. Сондай-ақ, 118 км электр желісі, 74,4 км жылу желісі және 508 км газ құбыры салынады және жаңғыртылады.

4 млн. шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде 220 мың шаршы метр жалға берілетін және тұрғын үй салу және пайдалануға беру бойынша жұмыс жалғасады, бұл шамамен 33 мың адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өңір тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы қуаттылығы тәулігіне 260 000 м3 болатын 9 тұщыландыру зауыты салынады. Сондай-ақ, 844 км сумен жабдықтау және 949 км су бұру желілері салынады және реконструкцияланады.

Сонымен қатар, 1059 км автожол салу, реконструкциялау және жөндеу жоспарлануда, бұл жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы деңгейін 100%-ға дейін жеткізуді қамтамасыз етеді.

Денсаулық сақтау саласындағы 16 нысан салу көзделген, оның ішінде Ақтау қаласындағы көп бейінді аурухана, емхана, 6 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт және басқалар.

Білім беру саласында 24 мектеп және 11 қосымша құрылыс салынатын болады. Сондай-ақ, 5 колледж заманауи жабдықтармен жабдықталады.

Мәдениет және спорт саласында тарихи-өлкетану мұражайы мен драма театрының, стадионның, мұз сарайының, 3 спорт кешенінің және басқа да бірқатар объектілердің құрылысы жоспарлануда.

Кешенді жоспардың бірқатар іс-шаралары өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған, атап айтқанда, «Қошқар-ата» қалдық қоймасы қалпына келтіріліп,
4 ҚТҚ полигоны салынады.

Өңірдің қауіпсіздігі мен қоғамдық құқықтық тәртібін қамтамасыз ету үшін 3 модульдік өрт сөндіру бөлімінің құрылысы, сондай-ақ «Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру жоспарлануда.

2025 жылға қарай бұл шараларды іске асыру шеңберінде өңірдің ЖӨӨ-ні 32% - ға, өңдеу өнеркәсібі көлемі 43,3% - ға өсуін қамтамасыз етеді. Ауыз сумен қамту 100%-ға, халықтың нақты табысы 40,3% - ға дейін өседі.  Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың деңгейін 100%-ға дейін артатын болады. 60 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылады. Жыл сайынғы туристер ағыны 4,6 есеге артады. Сондай-ақ, бір тұрғынға тұрғын үй көлемі 27,2 шаршы метрге дейін ұлғаяды және мектептердегі үш ауысымды оқыту жүйесі реттеледі.

Жалпы, Кешенді жоспарды іске асыру облыс халқының әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, экономикасын тұрақты дамытуға мүмкіндік береді.

Дата публикации
05 октября 2021
Дата обновления
05 октября 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы