Меню

Страницы

Статья

ҚР ӘЭД 2021 жылғы қаңтар-тамыздағы қорытындылары туралы ҚР Үкімет отырысындағы Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің баяндамасы

Ағымдағы жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстан экономикасының өсу көрсеткіші 3,0%-ды құрады.

Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша нақты және қызмет көрсету секторлырындағы өсудің оң динамикасы, өндіруші емес секторлардағы инвестицияның жоғары өсуі, сауда балансының оң сальдосының сақталуы байқалуда.

Осы жылдың қаңтар-тамызында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады.

Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,3%-ға дейін өсті.

Салалар арасында ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсетуде. Сондай-ақ ауыл шаруашылығында да оң өсім байқалып отыр.

Экономикалық өсудің маңызды факторы ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту болып отыр. Оның ішінде өндіруші емес салаларда инвестиция тарту белсенділігі байқалуда.

Осыған байланысты, есепті кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 18,0%-ды құрады.

Инвестиция құрылыс саласында – 2,5 есеге, өңдеу өнеркәсібінде – 81,7%-ға, ауыл шаруашылығында – 43,2%-ға, саудада – 39,9%-ға, ақпарат және байланыста – 37%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында –16,2%-ға және көлік саласында – 9%-ға өсті.

Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент қаласында, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында байқалуда.

Ағымдағы жылғы қаңтар-шілдеде сыртқы сауда тауар айналымы 53,7 млрд АҚШ долларын құрап, оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 32 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, өңделген тауарлар экспорты 23,4%-ға өсіп, 10,4 млрд АҚШ долларына дейін жетті.

Тауарлар импорты 21,7 млрд АҚШ долларын құрады.

Жалпы, сауда балансы 10,4 млрд АҚШ долларын құрап, оң деңгейінде сақталды.

Өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсу үрдісін сақтап отыр. Өндіріс көлемі 5,8%-ға өсті.

14 өңір бойынша оң өсу көрсеткіші тіркелді. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы және Қызылорда облыстарында байқалуда.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша фармацевтикалық өнім өндіру 40,8%, машина жасау – 23,9%, оның ішінде автомобиль жасау – 34,2%, вагондар мен локомотивтер өндірісі – 48,9%, құрылыс материалдары – 11,6%, пластмасса бұйымдары – 26,5%, дайын металл бұйымдары – 18,6%, киім – 16,3% және жиһаз – 16% деңгейінде серпінді өсуді көрсетіп отыр.

Ағымдығы жылдың сегіз айында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 11,4%-ға өсіп, құрылыс секторы жоғары қарқын көрсетуде.

Көрсеткіштің оң өсімі барлық өңірлер бойынша тіркелген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсуі Ақмола және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалады.

Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша да оң динамика байқалуда.

Ағымдағы жылғы қаңтар-тамызда 8,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 10,5%-ды құрады.

Есепті кезеңде барлық өңірлер оң өсім көрсетті. Ең жоғарғы өсім Атырау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында байқалады.

Ауыл шаруашылығында өсім 2%-ды құрады.

14 өңірде оң динамика тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстары көрсетті.

7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында жалпы жағдай мынадай.

Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу 5 өңірде – Шымкент қаласында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау облыстарында байқалады.

Ал, 6 көрсеткіш бойынша 8 өңірде өсу байқалады.

3 өңірде 5 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді.

Батыс Қазақстан облысында тек 3 көрсеткіш бойынша өсу байқалуда.

Орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылып отыр.

1. Инвестицияларды тарту мен сүйемелдеу бойынша тиімді жұмыс атқару, инвестициялық жобаларды іске асырудың тұрақты мониторингін жүргізу.

2. Егін жинау және мал азығын дайындау көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша уақытылы шешімдер қабылдау, құрылыс жұмыстары маусымының аяқталуына дайындалу.

3. Инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешенін жедел орындау.

4. Халықты вакцинациялау және шағын және орта бизнес қызметін қалпына келтіруге белсенді түрде қолдау көрсету.

5. «Еңбек» және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламалары аясында жұмысқа орналастыру шараларын тиімді іске асыруды жалғастыру.

Жоғарыда аталған шараларды іске асыру еліміздің макроэкономикалық тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Дата публикации
14 сентября 2021
Дата обновления
14 сентября 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы