Меню

Страницы

Статья

ҚР Ұлттық экономика Бірінші вице-министрі Т.М. Жақсылықовтың «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті отырысында баяндамасы

«Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 483 Жарлығын орындау үшін Үкімет «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі.

Аталған заң жоба кәсіпкерлік қызметті жандандыру және жаңа экономикалық шынайылық жағдайында жеке капиталды тарту үшін барынша қолайлы және ынталандыратын жағдайларды қалыптастыруға бағытталған.

Заң жобасы шеңберінде бизнеске жүктемені түбегейлі төмендету, оңтайлы және тиімді реттегіш жүйені қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеудің жаңа тәсілдері қалыптастырылды.

Олар: мемлекет пен кәсіпкерліктің өзара іс-қимылының базалық қағидаттарын жетілдіруді; талаптарды белгілеу шарттарын; «1 in 2 out» қағидатын; міндетті талаптар тізілімін; бақылаудағы есептілікті, тәуекел-талдауды автоматтандыру; мемлекеттік бақылауды жетілдіруді көздейді.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының жаңа қағидаттарын имплементациялау арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Бұл: талаптарды белгілеу шарттарын сақтау; кәсіпкерлік субъектілері үшін негізсіз реттеушілік талаптарды енгізуге жол бермеу; мемлекеттік реттеудің жүйелілігі мен дәйектілігі, бұрын қабылданған шешімдердің сабақтастығы; сондай-ақ мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілеріне деген сенімін арттыру.

Өзара іс-қимылдың базалық қағидаттарын жетілдіру кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекетке сенімін және бизнес-ортаны реттеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Артық талаптардың өсуін болдырмау және тиімсіз талаптарды алып тастау мақсатында бизнеске қойылатын талаптарды белгілеу шарттары заңнамалық түрде айқындалатын болады.

Сонымен, мемлекет енгізген кез-келген талап, кем дегенде, негізделген, орындалатын, болжанатын, пропорционалды және кәсіпкерлердің теңдігін қамтамасыз етуі керек.

 «1-IN 2-OUT» қағидатын енгізу қолданыстағылардың екеуінің орнына бір реттеушілік талапты енгізуді көздейді.

Осылайша, мемлекет жаңа талапты енгізген кезде құқықтық реттеудің сол саласында қолданылатын екі талап жойылады.

Бұл қағидат кәсіпкерлік субъектілері үшін артық реттеу мен әкімшілік шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

НҚА және өзге де құжаттар түрінде бизнеске арналған талаптардың толық тізбесін қамтитын бірыңғай ақпараттық ресурсты қалыптастыру мақсатында Міндетті талаптардың тізілімін құру көзделеді.

Тізілімге жаңа реттеушілік саясатқа сәйкес келетін талаптар ғана енгізілуге жатады.

Бұдан басқа, тізілімде нормативтік құқықтық актілердің жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігін қарау мерзімдері айқындалатын болады. Демек, сәйкес келмеген жағдайда құқықтық актілер қайта қаралады немесе жойылады.

Осылайша, тізілім бизнес ортаға теріс әсер ететін талаптарға қатысты «реттеуші гильотина» әдісін қолдануға мүмкіндік береді.

Бұл қағидат қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін міндетті талаптардың санын оңтайландыруға, бизнеске қатысты НҚА базасын жетілдіруге ықпал етеді.

Әкімшілік жүктемені азайту үшін ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, тек электрондық нысанда есептілік беру туралы талапты заңнамалық бекіту, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектілерін іріктеу кезінде тәуекелдерді бағалау мен басқаруды автоматтандыру көзделеді.

2022 жылы Автоматтандырылған есептілік ұсынылатын ақпараттық жүйелерді интеграциялау жүргізілетін болады.

2023 жылы автоматтандырылмаған есептілікті, тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін цифрландыру қамтамасыз етіледі.

Бұл қағаз тасығышта есеп берумен байланысты бизнеске жүктемені азайтуға мүмкіндік береді, бақыланатын бизнес субъектілерінің тізбесін оңтайландырады.

Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесі реформаланатын болады.

Мемлекеттік бақылаудың жаңа нысандары тексерулерден профилактикалық іс-шараларға көшуді қамтитын болады.

Профилактикалық іс-шаралар Профилактикалық бақылаудың 3 түрін көздейді.

Жаңа тәсіл тек рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруді және нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындалатын жоспардан тыс тексерулерді көздейді. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер жойылады.

Заңнама талаптарын бұзғаны, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және ұлттық қауіпсіздікке залал келтірген оқиғалардың пайда болуы үшін себептер мен жауапты тұлғаларды анықтау бойынша бақылау органдарының іс-қимыл кешенін білдіретін «тергеу» мемлекеттік бақылаудың жаңа нысаны енгізіледі.

Бұл бизнеске жүктелетін әкімшілік жазалау шараларын қысқартуға, сондай-ақ мемлекеттік бақылау кезінде жедел әрекет ету шараларын қолдану арқылы бизнестің кесірінен төтенше жағдайлардың қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлік қызметті реттеудегі жаңа тәсілдерді іске асыру бизнеске жүктемені түбегейлі азайтуға және жаңа экономикалық шындық жағдайында іскерлік белсенділікті дамытуға серпін беруге мүмкіндік береді.

Дата публикации
09 сентября 2021
Дата обновления
09 сентября 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы