Меню

Страницы

Статья

2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы ҚР Үкімет отырысындағы Ұлттық экономика министрі Ә. А Ерғалиевтің баяндамасы

Еліміздің 2022–2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы әлемдік және еліміздің  экономикасының түрлі даму сценарийлеріне сәйкес мынадай параметрлер ескеріле отырып қалыптастырылды:

  • 2020 жылғы жалпы ішкі өнім бойынша есептік статистикалық деректерді және ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларындағы экономиканы дамыту қорытындылары;
  • Халықаралық қаржы ұйымдарының жаңартылған болжамдары бойынша әлемдік экономиканың өсуі 2022 жылы 4,9 пайызға, 2023 жылы - 3,5 пайызға өсуі күтілуде;
  • Халықаралық қаржы ұйымдарының консенсус-болжамы бойынша 2022 жылы мұнай бағасының баррелі 64,5 АҚШ доллары,  ал, 2023 жылы -  58,0 АҚШ доллары деңгейінде болады.

Сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты Қазақстан экономикасын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған базалық, оптимистік және пессимистік сценарийлері әзірленді.

Базалық сценарий кезінде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі 4,8 пайызды, оптимистік - 5,0 пайызды және пессимистік - 4,6 пайызды құрайды.

Негіз ретінде, бюджетті жоспарлау үшін базалық сценарийді пайдалану ұсынылады.

 Осы сценарий кезінде 2022 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3,9 пайыз деңгейінде болжануда. 2026 жылы 5,2 пайызға дейін жеделдейді.

2022 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 87,1 триллион теңгені, ал 2026 жылы 119,9 триллион теңгені құрайды.

Барлық базалық салаларда оң өсім күтілуде.

2022 жылы мұнай өндіру 87,9 миллион тоннаны құрап, 2026 жылы 107,4 миллион тоннаға дейін ұлғаяды.

2022 жылы тауарлар экспорты 60,1 миллиард АҚШ доллары деңгейінде болжанып отыр және 2026 жылға қарай 79,8 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғаяды.

Тауарлар импорты 2022 жылы 40,8 миллиард АҚШ долларынан 2026 жылы 43,4 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғаяды.

Сауда балансының сальдосы 19,3 миллиард АҚШ долларынан 36,4 миллиард АҚШ долларына дейін өседі.

Осы макроэкономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, бюджеттік параметрлердің келесі болжамы әзірленді.

Республикалық бюджеттің кірістері 2022 жылы болжамдар бойынша 9,2 триллион теңгені, 2023 жылы - 9,7 триллион теңгені, 2024 жылы - 10,4 триллион теңгені құрайды.

Кепілдендірілген трансфертті 2022 жылы - 2,4 триллион теңге, 2023 жылы - 2,2 триллион теңге және 2024 жылы - 2,0 триллион теңге мөлшерінде айқындап, әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағыттау ұсынылып отыр.

Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы әзірленіп, сіздердің қарауларыңызға енгізіліп отыр.

Бұдан басқа, Ұлттық қордан 2022 жылы 550 миллиард теңге мөлшерінде, 2023-2024 жылдары жыл сайын 400 миллиард теңгеден нысаналы трансферт тарту ұсынылады.

Жалпы ішкі өнімге  байланысты 2022 жылы бюджет тапшылығы 3,3 пайыз деңгейінде болжанса, келешекте 2024 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 2,5 пайызға дейін төмендеу  болжанып отыр.

2022 жылы Мұнайлы емес тапшылық жалпы ішкі өнімге байланысты 8,1 пайызды құрап, 2024 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 6,3 пайызға дейін төмендейді.

Республикалық бюджеттің шығыстары 2022 жылы 15,9 триллион теңге, 2023 жылы - 15,6 триллион теңге және 2024 жылы - 16,0 триллион теңге көлемінде болжанып отыр.

Мұнай бағасы барреліне 60 АҚШ доллары болған кезде мұнай секторынан Ұлттық қорға түсетін түсімдер болжам бойынша 2022 жылы 2,5 триллион теңгеден 2024 жылы 3,0 триллион теңгеге дейін өседі.

Жоспарланған трансферттерді ескере отырып, болжам бойынша  Ұлттық қордың валюталық активтері 2022 жылы 55,3 миллиард АҚШ долларынан 2024 жылы 61,6 миллиард АҚШ долларына дейін өседі.

Елбасы стратегиялық бастамаларына қол жеткізу, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, «Нұр-Отан» партиясының сайлау алды бағдарламасын іске асыру мақсатында, сондай-ақ жалпыұлттық басымдықтарға сәйкес, еліміздің 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы әзірленді.

Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында  экономиканың тұрақты және сапалы өсуін қамтамасыз ету үшін орта мерзімді экономикалық саясат шеңберінде, келесі шаралар қабылданатын болады:  макроэкономикалық көрсеткіштерді тұрақтандыру, жаңа инвестициялық циклды қалыптастыру, өңірлердің теңгерімді дамуы, экономиканы әртараптандыру, бизнес-ахуалды жақсарту, цифрлық экономика, адами капиталды және мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін дамыту.

Дата публикации
24 августа 2021
Дата обновления
24 августа 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы