Қарауға Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық дамуының кешенді жоспары ұсынылып отыр.
Кешенді жоспар Ақтөбе облысы бойынша Актөбе агломерациясын, мұнай-газ және көлік инфрақұрылымын, тау-кен металлургия кешенін, өнеркәсіптік кооперацияны, ғылыми-медициналық және білім беру кластерін дамытуды көздейтін 6 бағыттан тұратын және 36 іс-шараны қамтиды.
Жоспарды іске асырудың жалпы сомасы 567 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде РБ – 64,9 млрд. теңге, ЖБ – 7,4 млрд. теңге, жеке инвестициялар – 478,7 млрд. теңге, сондай-ақ МЖӘ арқылы 16,6 млрд. теңге.
Кешенді жоспардың бірінші бөлімі бойынша Ақтөбе агломерациясының инфрақұрылымын дамытуға 119,6 млрд. тенге сомасына 13 инвестициялық жобаларды қамтиды.
Халықтың өмір сүру сапасын арттыру және жағдайын жақсарту мақсатында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобалар іске асырылатын болады.
Сонымен қатар, Кешенді жоспар шеңберінде Ақтөбе қаласындағы кәріз-тазарту құрылыстарын жаңғырту және тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық желілерді қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Кешенді жоспардың екінші бөлімі бойынша мұнай-газ саласында газ өңдеу кешенін салу, жаңа кен орындарын игеру және резервтік кен орындарын пайдалануға беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ қиын өндірілетін мұнайды өндіру кезінде технологиялық жаңғыртуды жүргізу жоспарлануда.
Үшінші бөлімде тау-кен металлургия кешенін дамыту бойынша іс-шаралар іске асыру жоспарлануда.
Жобаларды қаржыландыру 48,3 млрд теңге сомасына жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ, Кешенді жоспарда өнеркәсіптік кооперацияны дамыту бойынша жобалар жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде 450 га индустриялық аймақты құру қамтылуда.
Кешенді жоспардың бесінші бөлімі бойынша көлік инфрақұрылымын дамытуға 11,1 млрд теңгені құрайтын жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.
Ақтөбе облысындағы автомобиль жолдарын реконструкциялау өңіраралық байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді.
Ақтөбе қаласы еліміздің батыс бөлігіндегі өсу орталығы және ірі көлік торабы ретіндегі рөлін күшейтуге «Ақтөбе – Орск» және «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы» сияқты жобалар ықпал ететін болады.
«Ақтөбе – Хромтау – Қарабұтақ – Ұлғайсын» және «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» автомобиль жолдарын қайта жаңартуды іске асыру жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 61% - дан 95% - ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Аталған жобаларды іске асыру көршілес өңірлермен жолаушылар ағыны мен жүк тасымалын ұлғайтады.
Осылайша, Ақтөбе облысының тауар айналымы 2025 жылға қарай 1,5 есеге – 2,3 трлн теңгеге дейін артады.
Кешенді жоспардың соңғы бөлімі бойынша өңірдің ғылыми-медициналық кластерін дамыту аясында 8,1 млрд теңгенің жобалары қарастырылуда.
Денсаулық сақтау және білім беру жүйелері қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін қазіргі заманғы инфрақұрылым құру көзделген.
25 денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі, көп бейінді аурухана, балалар онкогематология орталығы салынады, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарын жоғары технологиялық медициналық техникамен жабдықтау жоспарлануда.
Сонымен қатар Ақтөбе облысы бойынша 49 мектеп және Ақтөбе қаласында колледж студенттеріне арналған үш жатақхана салу жоспарлануда.
Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай 114 мың жаңа жұмыс орнын құруды, шамамен 5,8 трлн жеке инвестицияларды тартуды қамтамасыз етеді.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 21,6%-ға, ауыл шаруашылығы өнімдері 37%-ға, жақсы және қанағаттанарлық жергілікті жолдардың үлесі – 34%-ке, халықтың ақшалай табыстары 41,8%-ға, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 21%-ға және құрылыс жұмыстарының көлемі 60,7% ға өседі.
Жалпы өңірлік өнімнің нақты өсімі 27,4%-ға артады.
Кешенді жоспарды іске асыру өңірдің дамуына сапалы жаңа серпін беруге, экономикасын әртараптандыруға және инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.
Орта мерзімді перспективада жалпы өңірлік өнімнің жыл сайынғы өсімі 5-6% - ға арттырады. Жоғарыда аталған кешенді жоспардағы жобаларды іске асыру, келешекте халықтың әл-ауқатын жақсартуға оң әсер етеді.