Пандемия жағдайында кәсіпкерлер үшін жалғасып жатқан шектеулер кезінде шағын және орта бизнесті қолдау өзекті мәселе болып отыр.
Осыған байланысты, ағымдағы жылы Ұлттық банктің айналым капиталын толықтыруға жеңілдікпен кредит беру бағдарламалары, сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» және «жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламалары шеңберінде шағын және орта бизнесті жеңілдікпен кредиттеу бойынша жұмыс жалғасуда.
Кредиттер бойынша жылдық мөлшерлеме 6 пайызды құрады. Айналым капиталын толықтыруды қаржыландыру едәуір кеңейтіліп, кредиттер сомасы ұлғайтылды. Микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолжетімді микрокредит беру іске қосылды.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 1 триллион теңгеден астам сомаға 31 мыңнан астам жоба жеңілдікпен қаржыландыруға қол жеткізді.
Экономиканың зардап шеккен секторларындағы кәсіпкерлерді қолдау үшін шағын және орта кәсіпкерлік кредиттерін қайта қаржыландыру жүзеге асырылады. Экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтіліп, субсидиялау мерзімі 3 айға ұзартылды. Осы іс-шараға бюджеттен 18,4 миллиард. теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың шілде айында «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары шеңберінде жаңа бизнес жобаларын субсидиялау үшін бюджеттен қосымша 13,2 миллиард теңге бөлінді. Екі бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі 186,3 миллиард теңгені құрап отыр.
Ағымдағы жылдың шілде айында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында «Бастау-Бизнес» жобасының түлектеріне шағын несие беру басталды. Оған 22,5 миллиард теңге бөлінді. Ауылдағы өз кәсібін жаңадан бастайтын кәсіпкерлердің 5 мыңдай жобасын қаржыландыру жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары шеңберінде жалпы сомасы 441 миллиард. теңгеге 12 447 жоба субсидияланды. 187 миллиард теңге болатын несие сомасына 10 788 жобаға кепілдік берілді.
Аграрлық несие корпорациясы шеңберінде 5,9 миллиард теңге несие сомасына 134 жобаға қолдау көрсетілді.
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында несиелерді субсидиялау құралы бойынша қолдау көрсетілген жобалардың ең көп саны Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Жамбыл облысында. Кепілдік беру құралы бойынша жобалардың басым бөлігі Жамбыл, Түркістан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында қолдау тапты.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 50 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізген сауалнама негізінде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жаңа шаралар пакеті әзірленді.
Атап айтқанда, 2021 жылға арналған экономикалық өсуді қалпына келтіру бойынша өзектендірілген кешенді жоспар іске асырылуда. Осы кешенді жоспарда 60 астам қолдау шараларын, оның ішінде бизнеске жүктемені азайту, сұраныс нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз ету, жаңа реттеушілік саясатты енгізу салаларында іске асыруды көздейді.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап зардап шеккен салаларда түскен табыстың 3 пайыз мөлшерлемесімен бөлшек салықтың жаңа арнайы режимі енгізілді.
Осы жылдың 1 сәуірінен бастап, 1 шілдесіне дейін еңбекақы төлеу қорынан зардап шеккен салаларда салықтарды төлеуді кейінге қалдыру ұсынылды.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңадан құрылған өндірістік компаниялар үшін 70 пайыз мөлшерінде қосылған құн салығы бойынша қосымша есепке алу құқығы берілді. Ұсынылған қорғау құралдарының құны арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері жеке табыс салығынан босатылды.
Келесі жылдан бастап бизнесті жаңа негізгі қорларға қайта инвестициялауға пайдаланылатын табысқа корпоративтік табыс салығынан босату жөніндегі шаралар көзделген.
Бизнеске жүктемені түбегейлі төмендету, оңтайлы және тиімді реттегіш эко жүйені қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеудің жаңа тәсілдері жасалуда.
Олар: мемлекет пен кәсіпкерліктің өзара іс-қимылының базалық қағидаттарын жетілдіруді көздейді.
Қазіргі таңда тиісті Заң жобасы Парламентте қаралуда.
Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, бизнес-омбудсмен және бизнес-қоғамдастықтармен өзара тығыз жұмыс жасалуда.
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Жобалық кеңсе шеңберінде бизнес мәселелері тұрақты негізде талқылануда.
Күрделі эпидемиологиялық жағдай кезінде бизнестің толыққанды жұмыс істеу мүмкіндігін сақтау үшін негізгі тәсілдердің бірі – бұл Ashyq қосымшасын кеңінен пайдалану.
Қазіргі таңда бұл бизнестің кәсіпкерлік қызметтен табыс табу және азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында бизнес-процестерді қайта құрудың жалғыз тәсілі.
Бұл тұста осы мәселе бойынша кәсіпкерлер түсіністік таныту қажет. Аshyq қосымшасын қолдану кезінде Бизнес осы тұрғыда жауапкершілікпен қарау керек.
Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік кәсіпкерлер палаталары кәсіпкерлердің Аshyq қосымшасын енгізу және дұрыс пайдалану жұмыстарын белсенді жүргізу қажет.
Ұлттық экономика министрлігі шағын және орта бизнес ахуалының мониторингі бойынша жұмысты жалғастыратын болады.