Меню

Страницы

Статья

Аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері жөніндегі Заң жобасы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің Сенат отырысындағы баяндамасы

Парламент Сенатының қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізілді.

Заң жобасы Мемлекет басшысының «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасында бірқатар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады:

  • аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің (бұдан әрі - ауылдық округ) кіріс базасын кеңейту;
  • бюджеттік рәсімдерді оңайлату;
  • жергілікті өкілді және атқарушы органдардың дербестігін кеңейту және жауапкершілігін күшейту;
  • әкімшілік-аумақтық бірліктерге қойылатын талаптарды жетілдіру.

Ұсынылған негізгі нормаларға толығырақ тоқтала кетейік.

Бірінші. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бюджетінің кіріс көздерін ұлғайту мақсатында төртінші деңгейге қосымша салықтар мен төлемдердің 4 түрін беру ұсынылады.

Екінші. Бюджеттік рәсемдерді оңайлату ұсынылады.

Атап айтқанда, жиырма пайыздан аспайтын көлемде ауылдық округ әкімі аппараты үшін бюджетке түзетулер енгізуді көздеу ұсынылады. Түзету жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша жүргізілетін болады.

Сондай-ақ мәслихаттардың шешімдерін әділет органдарында тіркеу қажеттілігі бойынша норманы алып тастап, бюджеттерді бекіту рәсімін оңайлату ұсынылады.

Үшінші. Қаржы жылы кезеңінде аудан және ауылдық округ бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемінің өзгеруіне жол бермейтін Бюджет кодексіне нақтылаушы норма енгізіледі.

Осылайша, ауылдық округтер әкімдерінде субвенцияларды азайту немесе алып қоюларды ұлғайту қауіпі туындамайды және ауылдық округтердің салық салынатын базасын ұлғайтуға ынталандырады.

Төртінші. Әкімшілік-аумақтық бірліктер санатын өзгерту тәртібін анықтауды ұсынамыз. Қала мәртебесін өзгерту бес жыл ішінде, ал ауылдар – үш жыл ішінде осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.

Яғни, жергілікті атқарушы және өкілді органдар осы кезеңде елді мекендердің одан әрі келешегін ескере отырып, экономикалық дамуы үшін шаралар қабылдауы тиіс.

Бесінші. Мәслихат пен оның депутаттарының мәртебесін арттыру бойынша бірқатар түзетулер қарастырылған.

Мәслихат сессиясы төрағасының қызметін таратып, оның өкілеттігін мәслихат хатшысына беру ұсынылады.

Сонымен қатар әрбір облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда мәслихаттардың тұрақты комиссия төрағаларының босатылған екі лауазымын енгізу ұсынылады.

Бұл ретте тұрақты негізде жұмыс істейтін тұрақты комиссиялардың төрағалары болып әртүрлі саяси партиялардың өкілдерін сайлауды ұсынады. Бұл шаралар аймақтарды саяси бәсекелестікті ынталандыруға әсер етеді.

Бұл заң жобасы өңірлердің дербестігі мен жауапкершілік деңгейін арттыруға және жергілікті маңызы бар мәселелерді неғұрлым жедел шешу үшін бюджеттік рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
24 июня 2021
Дата обновления
24 июня 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы