Меню

Страницы

Статья

ЭЫДҰ-мен ТИҚ өзара іс-қимыл

Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) өзара іс-қимылы 2008 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және мемлекеттік саясаттың түрлі салаларында озық халықаралық стандарттар мен тәжірибелерді енгізуге бағытталған.

Ынтымақтастық ЭЫДҰ-ның Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы, өңірлік бастамалар, сондай-ақ Қазақстанның Ұйымның комитеттері мен басқа да жұмыс органдарының қызметіне қатысуы шеңберінде дамып келеді.

2015-2018 жылдары Қазақстан мен ЭЫДҰ Елдік бағдарламаны іске асырды. Оның шеңберінде бірқатар салалық шолулар жүргізіліп, мемлекеттік саясат пен заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірленді.

Қазіргі уақытта ынтымақтастықтың негізін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум құрайды. ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту және Ұйым стандарттарын енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Қазақстан ЭЫДҰ-ның 42 құқықтық құжатына қосылды және түрлі мәртебеде Ұйымның 39 комитеті мен басқа да жұмыс органдарының жұмысына қатысады.

Қазақстанның ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылын ұлттық деңгейде үйлестіруді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жүзеге асырады.

Дата публикации
22 июня 2021
Дата обновления
28 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы