Халықаралық экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс шет мемлекеттермен халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, шет мемлекеттермен қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтарды іске асыруды қамтамасыз ету, ҚР экономикалық қатынастарын, оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) желісі бойынша дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады), интеграциялық бірлестіктермен қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтарды іске асыруды қамтамасыз етуге, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ), халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруге жәрдем көрсету.
Министрлік Қазақстанның БҰҰ (оның ішінде БҰҰ ЕЭК, АзТМЭӘК), ЕО, АӨСШК, ИЫҰ, ЭЫҰ және басқа да Халықаралық ұйымдарға қатысуы шеңберінде өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қазақстандық ұстанымды қалыптастырады.