Ағымдағы жылдың мамыр айында елдегі іскерлік белсенділіктің жақсаруы жалғасты. Ағымдағы жылғы қаңтар-мамырда экономиканың қалпына келудегі өсу қарқыны 1,6%-ға дейін жеделдеді. Нақты сектор экономика өсімінің драйвері болып қала беруде. Қызмет көрсету секторының қарқынды өсуі байқалуда. Экономиканың өндіруші емес секторларында жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты сектордағы өсім 7,4%-ды құрады.
Ішкі сұраныстың тұрақтануы аясында қызмет көрсету саласында өсу 0,8%-ға дейін жеделдеді.
Экономика салалары арасында ақпарат пен байланыс, құрылыс, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, сауда, электрмен жабдықтау және ауыл шаруашылығы жоғарғы өсуді көрсетті.
Өңдеу өнеркәсібі салаларында қарқынды өсу байқалуда.
Атап айтқанда машина жасау 21,1%-ға ұлғаюымен, оның ішінде автомобиль құрастыру – 26,4%, локомотивтер мен вагондар өндірісі – 54,9%, фармацевтика – 25,7%, құрылыс материалдары – 21,4%, киім – 19,3%, жиһаз – 18,2% және пластмасса өнімдері өндірісі – 17,3% ерекшеленді. Сондай-ақ, химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруде 9,8% деңгейінде жақсы өсім байқалады.
Өндіруші емес салаларда жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда.
Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 25,5%-ды құрады.
Инвестициялардың өсуі құрылыста – 2,3 есе, өңдеу өнеркәсібінде – 82%, оның ішінде тамақ өнімдері өндірісінде – 24%, ақпарат және байланыста – 53%, ауыл шаруашылығында – 47%, сауда – 46%, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 29%, және көлік – 19% деңгейінде көрсетті.
Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуірде сыртқы сауда тауар айналымы 28,1 млрд. долларды құрады, оның ішінде экспорт – 16,7 млрд. доллар. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 16,2%-ға өсіп, 5,4 млрд. долларға дейін жетті.
Тауарлар импорты 11,4 млрд. долларды құрады.
Осылайша 5,3 млрд. доллар деңгейінде оң сауда балансы қамтамасыз етілді.
Өңдеу өнеркәсібі өнеркәсіптік өндіріс динамикасындағы үрдістерді айқындауды жалғастыруда. Өсу 7,2%-ды құрады.
14 өңір өңдеу өнеркәсібінде оң өсу көрсетті. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласында, Алматы облысында және Нұр-Сұлтан қаласында байқалуда.
Өңдеу өнеркәсібінде төмендеу 3 өңірде тіркелді. Олар Батыс Қазақстан, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары.
Көптеген өңірлерде жоғары инвестициялық белсенділік орын алуда. Ең жоғарғы көрсеткіш Түркістан және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалады.
Инвестиция көлемінің төмендеуі Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында тіркелді.
Құрылыс саласы жоғарғы қарқынды өсуді көрсетті. Атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 11,3%-ға ұлғайды.
Батыс Қазақстан облысын қоспағанда, барлық өңірлер оң өсім көрсетті.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоғарғы өсуі Түркістан, Қызылорда және Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалады.
Тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде. Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір қорытындысы бойынша 4,6 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға жоғары.
Осыған байланысты барлық өңірлер оң өсім көрсетті. Ең жоғарғы ұлғаю Шымкент қаласында , Атырау және Павлодар облыстарында байқалады.
Ауыл шаруашылығы көлемі артуда. Өсу 3,1%-ды құрады.
13 өңірде оң серпін байқалып отыр. Ақмола облысы ең жоғарғы өсуді көрсетті.
Бұл ретте, төмендеу Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді.
7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлік бөліністегі жалпы жағдай мынадай.
Барлық 7 көрсеткіш бойынша оң өсу 2 өңірде – Шымкент қаласы және Маңғыстау облысында байқалады.
6 көрсеткіш бойынша 7 өңірде өсу байқалады. Олар Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Түркістан облыстары.
7 өңірде 5 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді.
Батыс Қазақстан облысында тек 2 көрсеткіш бойынша өсу байқалады.
Жалпы, сауда және көлік бойынша жағдай жақсаруда. Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарын қоспағанда, барлық өңірде сауда бойынша өсу байқалады.
Көлік бойынша әлі де тек 3 өңір оң аймақта орналасқан. Бұл Атырау және Маңғыстау облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы.
Орталық және жергілікті атқарушы органдарға мынадай шараларға назар аудару ұсынылып отыр.
Жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға оң ықпал етеді.