Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі заң жобасы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің Мәжіліс отырысындағы баяндамасы

Қарауға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсынылып отыр.

Заң жобасының қабылдау мақсаты – ол мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді одан әрі қайта бөліп, оның әзірлеуі алдыңғы әкімшілік реформалардың  жалғасы болады.

Жоба, Мемлекет Басшысының тапсырмаларын, стратегиялық құжаттарда және сарапшылардың ұсынымдарында айқындалған басымдықтарды ескере отырып дайындалуда.

Оны әзірлеу кезінде орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік функцияларды талдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

Заң жобасында 55 заңнамалық актіге, оның ішінде 5 кодекс пен 50 заңға түзетулер көзделіп отыр.

Заң жобасы шеңберінде 94 функция қайта бөлінеді, оның ішінде:

- Үкіметтен министрліктерге 89 функция беріледі;

- жергілікті атқарушы органдарға 5 функция беріледі.

Сонымен қатар, 4 мемлекеттік органға  қосымша өкілеттіктер беріледі.

Жалпы, заң жобасын қабылдау мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруда кезекті қадам болады және оның дербестігін одан әрі арттыруға ықпал етеді.

Заң жобасы басқару деңгейлері арасындағы нақты өкілеттіктерін ажырату бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
02 июня 2021
Дата обновления
02 июня 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы