Меню

Страницы

Статья

ҚР Сенаттың пленарлық отырысындағы ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің әкімдерді тікелей сайлауды енгізу жөніндегі баяндамасы

Өткен жылдың 1 қыркүйек айындағы Мемлекет Басшысының жолдауындағы тапсырмасын іске асыру барысында еліміздің аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауын енгізу мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес біліктілік талаптарына сай келген және 25 жасқа толған еліміздің кез келген азаматы сайлана алады.

Саяси партиялар мүшелері және сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1% - ына қол жинаған кандидаттар сайлауға түсе алады. 

Сайлау 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзі қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өтеді. Сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде қорытынды шығарылады.

Сайлау өткізілгеннен кейін жеті күн ішінде аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімді тіркейді, содан кейін ол өз өкілеттігіне кіріседі.

Сайлау әкімдердің өкілеттік мерзімінің аяқталуына қарай жергілікті бюджет есебінен өткізіледі.

Бюджет заңнамасының нормаларын ескере отырып, 2021-2022 жылдары қаржыландыру республикалық бюджеттен нысаналы трансферттермен, ал кейіннен 2023 жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен жалпы сипаттағы трансферт арқылы жүзеге асырылатын болады.

Ағымдағы жылдың II жартыжылдығында тікелей сайлауды енгізуге – 4,8 млрд теңге қажет болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 15 қаңтарда VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмасына сәйкес, Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауы кезінде саяси партиялардың өту шегі 7%-дан  5%-ға дейін төмендейді, сондай-ақ барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «барлығына қарсымын деген» графа қосылады.

Осы заң жобасы  әкімдерді тікелей халықтың сайлауына  мүмкіндік береді. Ауыл әкімінің халықтың қажеттіліктері мен  проблемаларына  ден қою жеделдігін арттыруға; сондай-ақ  «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға  мүмкіндік береді.

Дата публикации
20 мая 2021
Дата обновления
20 мая 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы