Меню

Страницы

Статья

ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі қорытындылары туралы ҚР Үкімет отырысындағы Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің баяндамасы

2021 жылғы қаңтар-сәуір қорытындылары бойынша жалпы ішкі өнім өсу қарқыны өткен жылғы наурыз айынан бері алғаш рет 0,7%-ды құрады.

Қазақстан экономикасы өсудің қалпына келу серпініне өтуде. Қызмет көрсету саласының өсуі жақсарды. Ішкі сұраныс жақсаруда.

Өңдеу өнеркәсіп салаларында серпінді және тұрақты өсу байқалады. Қызмет көрсету саласы оң өсімді  көрсетіп отыр. Сонымен бірге экономиканың өндіруші емес салаларында негізгі капиталға инвестициялардың айтарлықтай өсуде. Жалпы алғанда, экономика өсімінің құрылымда сапалы өзгерістер байқалуда.

Экономика дамуының басты драйвері өткен жылдан бері нақты сектордың тұрақты өсуі болып табылды. Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты сектордағы өсу 7,9%-ды құрады.

Құрылыс, ақпарат пен байланыс, өңдеу өнеркәсібі, сумен және электрмен жабдықтау, ауыл шаруашылығы салаларында жоғарғы өсу жалғасуда. Бұл ретте, өңдеу өнеркәсібі соңғы он жылдағы ең жоғары өсуді көрсеткенін айта кеткен жөн.

Қызмет көрсету саласы қалпына келуде. Сауданың
5,7%
-ға өсуі аясында қызмет көрсету секторы оң өсуді көрсетті.

Өңдеу өнеркәсібі салаларында қарқынды және тұрақты өсу байқалуда. Бұл осы саланың бәсекелестікке қабілеттілігін көрсетеді.

Атап айтқанда өсім машина жасауда 20,6%, оның ішінде автомобиль құрастыруда – 25,4%, құрылыс материалдарында – 26,5%, химиялық өнімдер өндірісінде – 11,2%, пластмасса өнімдері өндірісінде – 18,5%, фармацевтикада – 26,2%, киім өндірісінде – 23,6% және жиһаз өндірісінде – 19,5% деңгейінде тіркелді.

Өндіруші емес салаларда жоғары инвестициялық белсенділік байқалады. Бұл экономиканың тұрақты және сапалы дамуына диверсификация арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 32,3%-ды құрады.

Инвестициялардың айтарлықтай өсуін өңдеу өнеркәсібі  – 2,1 есе, құрылыс – 72%, ауыл шаруашылығы – 66%, ақпарат және байланыс – 61%, сауда – 28,3%, көлік – 27,6% және жылжымайтын мүлікпен операциялар – 27,5% деңгейінде көрсетті.

Қаңтар-наурызда сыртқы сауда тауар айналымы 19,7 млрд. долларға жетті, оның ішінде экспорт – 11,5 млрд. долларды құрады. Бұл ретте шикізаттық емес тауарлар экспорты 15%-ға өсіп, 4 млрд. долларға дейін жетті.

Тауарлар импорты 8,2 млрд. долларды құрады. Оң сауда балансы 3,3 млрд. доллардан асты.

Жалпы өңдеу өнеркәсібі бойынша өсу 7,7%-ға дейін жеделдеді.

13 өңір өңдеу өнеркәсібінде оң өсу көрсетті. Ең жоғарғы өсу Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында және Алматы облысында байқалады.

Өңдеу өнеркәсібінде төмендеу 4 өңірде байқалуда: Батыс Қазақстан, Атырау, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында.

Көптеген өңірлерде жоғары инвестициялық белсенділік орын алуда. Ең жоғарғы көрсеткіштер Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында, Түркістан және Жамбыл облыстарында байқалады.

Төмендеу Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында тіркелді.

Құрылыс саласы жоғары өсу динамикасын көрсетуде. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,5%-ға ұлғайды.

Батыс Қазақстан облысын қоспағанда, барлық өңірлер оң өсім көрсетті.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоғарғы өсуі Түркістан, Қызылорда облыстарында және Алматы қаласында байқалады.

Тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде. Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру 13,3%-ға өсіп, 3,5 млн. шаршы метрді құрады.

Осыған байланысты Павлодар және Алматы
облыстарынан басқа барлық өңірлер оң өсім көрсетті.

Ауыл шаруашылығы тұрақты өсу қарқынын көрсетуде. Өнім шығару 3,0%-ға ұлғайды.

13 өңірде оң серпін байқалып отыр. Ақмола облысы
ең жоғарғы өсуді
көрсетті.

Бұл ретте, төмендеу Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.

Жалпы, өсудің тұрақты қарқыны мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етіледі. Олар ауылшаруашылық өңдеу саласын инвестициялауды ынталандыруға, ауылшаруашылық техниканың лизингіне, экономиканың өзіндік жеткіліктілігін арттыру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған.

7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлік бөліністегі жалпы жағдай мынадай.

Барлық 7 көрсеткіш бойынша оң өсу 2 өңірде – Шымкент қаласы және Маңғыстау облысында байқалады.

6 көрсеткіш бойынша 5 өңірде өсу байқалады. Олар Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстары.

9 өңірде 4-5 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді.

Батыс Қазақстан облысында тек 2 көрсеткіш бойынша өсу байқалады.

Жалпы, сауда және көлік бойынша жағдай жақсаруда, бұл өңірлердегі іскерлік белсенділіктің артқандығын айғақтайды. Сауда бойынша 13 өңірде өсу байқалады. Бұл ретте, бөлшек сауда 6,2%-ға өсіп, ішкі сұрастың қалпына келуін көрсетеді.

Атырау облысынан басқа, Маңғыстау облысы және Шымкент қаласының көлік саласы бойынша қызмет көрсету жақсарды.

Орталық және жергілікті атқарушы органдарға мынадай шараларға назар аудару ұсынылып отыр.

  1. 2021 жылға арналған экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі өзектендірілген кешенді жоспарды тиімді іске асыру.
  2. Экономиканың басым секторларында ірі компаниялармен инвестициялық келісімдерді іс жүзінде іске асыру.
  3. Ауыл шаруашылығы және құрылыс-монтаж жұмыстарының маусымын белсенді өткізу.
  4. «Жұмыспен қамту жол картасы» және «Еңбек» бағдарламалары шеңберінде таргеттелген тұрақты жұмыс орындарын құру.
  5. Жаңа «өсу факторларын» дамыту және өңірлердің экономикалық байланысын күшейту.

Жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру экономикалық белсенділікті ынталандыруға және осы жылғы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
12 мая 2021
Дата обновления
12 мая 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы