Меню

Страницы

Статья

ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің Мәжіліс отырысындағы баяндамасы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасы қарауға ұсынылып отыр. Бұл заң жобасы Конституциялық заң жобасын қабылдануына байланысты заңнамасына ілеспе түзетулер енгізу туралы.

Осы Заң жобасы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Саяси партиялар туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарға түзетулер енгізуді көздейді.

Заң жобасына сәйкес ауыл әкімінің өкілеттігі сайлау комиссиясы оны тіркеген сәттен басталады және келесі жағдайларда тоқтатылады:

- үміткерді саяси партия ұсынған жағдайда тиісті партияның мүшелігің жоғалтқан кезде

- мәслихат депутаттары әкімге қатысты сенімсіздік білдіруі, соның ішінде жергілікті қоғамдастық жиналысының бастамасы бойынша;

- мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес басқа да негіздер

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңға енгізілген түзетулермен ротация және аттестаттау жүргізудің күшін жою, тәртіптік теріс қылықтар үшін лауызымын төмендету көзделуде.

Ауыл әкімі үшін тәртіптік жазалардың шаралары өзгеріссіз қалады

Соңдай-ақ, «Саяси партиялар туралы» Заңға ауыл әкімдігіне кандидаттар ұсыну бойынша саяси партиялардың жарғысын, құқықтары мен міндеттерін толық орындау бөлігінде өзгерістер енгізу ұсынылады.

Дата публикации
05 мая 2021
Дата обновления
05 мая 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы