Меню

Страницы

Статья

2021 жылға арналған ӘЭДБ нақтылау жөніндегі ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің Мәжіліс отырысындағы баяндамасы

2021 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылау енгізіліп отыр.

Макрокөрсеткіштердің болжамы ел экономикасының өсуі бойынша жедел деректерді, әлемдік экономика  мен нарықтағы үрдістерді ескере отырып, нақтыланды.

Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны қаңтар айындағы минус 4,5 пайыздан бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша минус 1,6 пайызға дейін жетті.

Макрокөрсеткіштерді нақтылау кезінде мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 50 доллар деңгейінде айқындалды.

Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының болжамдары бойынша әлемдік экономиканың өсуі осы жылы 4,3% және 6% құрайды.

Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, ел экономикасының өсу болжамы 2,8% пайыздан 3,1% пайызға дейін жақсарды. Осылайша экономикалық өсім қалпына келу сатысында болады.

Бұл ретте номиналды жалпы ішкі өнім 77,8  трлн. теңге көлемінде бағалануда.

Сыртқы сұранысты қалпына келтіру аясында металлургиядағы өндірістің неғұрлым белсенді өсу есебінен өңдеуші өнеркәсіптегі болжамды көрсеткіштер 4,1% пайыздан 5,2% пайызға дейін жақсарды.

Құрылыста жоспарланған 17 млн шаршы метр тұрғын үйдің пайдалануға беруіне байланысты болжам 2,5% пайыздан  5% пайызға дейін жақсарды.

Ақпарат пен байланыста IT қызметтерге сұраныстың өсу нәтижесінде болжам 3,8% пайыздан 6,5% пайызға дейін ұлғайды.

Ұлттық Банктің болжамы бойынша экспорт 10,8  млрд. долларға яғни 52,2 млрд. долларға дейін ұлғаяды. Импорт 37,1 млрд. долларды құрайды.

Инфляция бұрын бекітілген 4-6% пайыз  дәлізде сақталды.

Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде 2021  жылға арналған республикалық бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланды.

Республикалық бюджеттің кірістері трансферттерді есепке алмағанда 2021 жылы 7 204 млрд. теңге көлемінде бағаланады.

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт өзгермейді және 2 700 млрд. теңге мөлшерінде сақталды.

Ұлттық қордан нысаналы трансферт 1 трлн теңгеден 1 850 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды.

Республикалық бюджет шығыстары 15 334 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр.

 Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты 3,5% пайыз деңгейінде болжанып отыр.

Дата публикации
05 мая 2021
Дата обновления
05 мая 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы