Меню

Страницы

Статья

Әкімдердің тікелей сайлауын енгізу туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің Мәжіліс отырысындағы баяндамасы

Мемлекет Басшысының өткен жылғы 1 қыркүйектегі  жолдауындағы тапсырмасын іске асыру барысында еліміздің аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауын енгізу мәселелері бойынша заң жобалары әзірленді.

Негізгі заң жобасында «Сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер еңгізілу көзделіп отыр.

Қазіргі таңда елімізде 2345 әкімшілік-аумақтық бірлік бар.  Оны ішінде,  ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында 836 әкім тікелей дауыс беру арқылы сайланатын болады.

ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес біліктілік талаптарына сай келген және 25 жасқа толған еліміздің кез келген азаматы сайлана алады. Сондай-ақ, Саяси партиялар мүшелері және сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1% пайызына қол жинаған кандидаттар сайлауға түсе алады.

Бұл ретте, аудан әкімінің, егер кандидаттар болмаған не біреуі ғана ұсынылған жағдайда, екі не бір кандидаты ұсынуға құқығы бар.

Заң жобасында барлық кандидаттар үшін ең төменгі жалақы мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу көзделген.

Сайлау 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзі қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өтеді. Сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде қорытынды шығарылады.

Өз кезегінде сайланған әкім жүргізіліп жатқан жұмысы үшін халыққа есеп беретін болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 15 қаңтарда VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің  бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмасына сәйкес, Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың өту шегі 7% - дан 5% - ға дейін төмендейді, сондай-ақ барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «барлығына қарсымын деген» графа қосылады.

Дата публикации
05 мая 2021
Дата обновления
05 мая 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы