Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 4 мамырдағы ҚР Үкімет отырысындағы Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің баяндамасы

Кәсіпкерлікті белсенді дамыту бұл елімізде  сапалы жұмыс орындарын құру және халықтың табысын арттырудағы негізгі фактор.  

2020 жылдың  3 тоқсанында экономикадағы Шағын және орта бизнестің үлесі 30,5 пайызға жетті. Шағын және орта бизнес субъектілерімен 2020 жылы  32,7 трлн. теңгеге өнім шығарылды.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарында Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 3,4 млн адамды құрады.

Іскерлік ахуалды жақсарту бойынша қабылданған реформалар Қазақстанға 2019 жылы Doing Business рейтингінде 25 орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

Пандемия жағдайында және кәсіпкерлер үшін жалғасып жатқан шектеулер кезеңінде шағын және орта бизнесті қолдау ерекше өзекті болып отыр. Осыған байланысты, ағымдағы  жылы Шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелендіру жұмыстары жалғасуда. Осы жылдың бірінші тоқсанында 663 млрд. теңге сомасына 16 мыңнан астам жоба жеңілдетілген қаржыландыру алды.

Жыл қорытындысы бойынша 2,5 трлн теңгеге жеңілдетілген несиемен 47 мыңнан астам жоба қамтамасыз етіледі.

Экономиканың зардап шеккен секторларындағы Шағын және орта бизнес кредиттерін қайта қаржыландыру шеңберінде қолдау көрсетілуде. 2020 жылғы 15 наурыз бен 2021 жылғы 15 наурыз аралығында 475 млрд. теңге сомасына 9 мыңға жуық жобаны қайта қаржыландыру үшін субсидиялар берілді.

Ағымдағы жылы аталған тізбе 145 Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішке кеңейтілді. Кеңейтілген тізбе бойынша субсидиялар 132 млрд. теңге кредиттік порфель сомасына 2 мың жоба бойынша төленеді.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Мемлекет басшысы экономиканың зардап шеккен секторларында несиелерді жеңілдетілген түрде қайта қаржыландыру, мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырды. Осы жұмыс аясында 93 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші анықталды.

425,5 млрд. теңге несие сомасына 6,7 мыңнан астам жобаны қамту жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша «Бизнестің жол картасы 2025» және «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары шеңберінде кредиттердің 232 млрд. теңге жалпы сомасына 5 884 жоба субсидияланды, 87 млрд. теңге несие сомасына 6 892 жоба бойынша кепілдік берілді. Аграрлық несие корпорациясы аясында 5,9 млрд. теңге несие сомасына 134 жобаға қолдау көрсетілді.

Мемлекеттік қолдаудың ең сұранысқа ие құралдарының бірі микрокредит беру болып табылады.

Өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында бизнесті микрокредиттеу жаңа бағыты басталды. Осы бағыт шеңберінде айналым қаражатына  5 млн-ға дейін және инвестициялық мақсаттарға 20 млн-ға дейін кредиттер беріледі.

Бұл ретте, 5 млн. теңгеге дейінгі қарыздардың басым бөлігі соңғы қарыз алушы үшін 6% мөлшерлеме бойынша кепілсіз негізде беріледі.

«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде қалаларда және ауылдарда бюджеттік микрокредиттер Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жылдық 6% бен беріледі.      

Екінші жартыжылдықта «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде шағын несиелендіру іске қосылады. Бұл микрокредиттер «Бастау-Бизнес» түлектеріне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен  құрылатын Микроқаржы ұйымы арқылы берілетін болады.

Жыл қорытындысы бойынша аталған бағдарламалар шеңберінде 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерін шағын несиелеумен қамту жоспарлануда.

«Бизнестің жол картасы 2025» және «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және Шағын және орта бизнес кредиттерін кепілдендіру түрінде қолдау шаралары көрсетіледі.

Бұл бағдарламалар бойынша кәсіпкерлер үшін несие мөлшерлемесі төмендетіліп 6% құрады.

Өткен жылы  «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы  аясында несиенің ең көп мөлшері 7 млрд. теңгеге дейін субсидиялау мерзімі 5 жылға дейін ұлғайтылды. «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша несие сомасы шектелмеген, ал субсидиялау мерзімі 10 жылды құрайды.

Бұдан басқа, 2020 жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды, ал «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі 150 экономикалық қызмет түрінің жалпы жіктеуішке дейін ұлғайтылды.

Пандемия жағдайларын ескере отырып, Үкімет бизнесті салықтық ынталандырудың бірқатар шараларын қабылдады, атап айтқанда:

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы салық режимдерін қолданатын шағын және микро кәсіпкерлік субъектілерін табыс салығынан 3 жылға босату қолданылады. Осы жылдың бірінші қаңтарынан бастап, Қызмет көрсету салаларында алынған табыстың 3% мөлшерлемесімен бөлшек салықтың жаңа арнайы режимі енгізілді. Ағымдағы жылдың бірінші сәуірінен бастап, бірінші шілдесіне дейін зардап шеккен салаларда еңбекақы төлеу қорынан салықтарды төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілетін болды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізген 50 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілген сауалнама негізінде Шағын және орта бизнесті  қолдау жөніндегі жаңа шаралар пакеті әзірленді.

Атап айтқанда, 2021 жылға арналған экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі өзектендірілген кешенді жоспар шеңберінде 60 астам қолдау шаралары көзделген.

  1. Бизнеске жүктемені азайту, оның ішінде бірқатар салықтық жеңілдіктер және салықтық әкімшілендіруді жеңілдету.
  2. Кәсіпкерлердің қаржыландыруға қол жетімділігін жеңілдету.
  3. Сұраныстағы нарықтарға қол жеткізу. Аталған бағыт Мемлекеттік сатып алуларға және квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына қолжетімділікті жеңілдетуге бағытталған шаралар көзделген.
  4. «Smart» реттеу кәсіпкерлік саласында жаңа реттеу саясатын енгізуді көздейтін заңды әзірлеу мен қабылдауды қамтитын болады.

Жаңа экономикалық жағдайда кәсіпкерлік қызметті жандандыру және жеке капиталды тарту үшін ең қолайлы және ынталандыратын жағдайларды қалыптастыруға бағытталған жаңа реттеуші саясаты әзірленуде. Бизнеске жүктемені түбегейлі төмендету, оңтайлы және тиімді реттегіш жүйені қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеудің жаңа тәсілдері қалыптастырылуда.

Оның ішінде: мемлекет пен кәсіпкерліктің өзара іс-қимылының базалық қағидаттарын жетілдіру, талаптарды белгілеу шарттары, реттеушілік апелляция институты,  эксперименттік құқықтық режим,  міндетті талаптар тізілімі,  есептілік, бақылаудағы тәуекел-талдауды автоматтандыру, мемлекеттік бақылауды жетілдіру.

Бүгінгі таңда тиісті заң жобасы барлық мемлекеттік органдармен келісіліп, Үкіметтің қарауына енгізілді.

Бизнесті ашу және жүргізу үшін әрі қарай жағдайды жақсарту мақсатында Doing Business рейтингінде 20 үздік елдің қатарына кіру үшін  бірқатар іс шаралар әзірленуде.

Осы мақсаттарды іске асыру үшін тиісті заң жобасы әзірленуде.

Заң жобасы бизнес қызметінің түрлі салаларындағы 23 маңызды реформаны қамтитын болады.

Кәсіпкерлерді қолдау үшін бизнес Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, бизнес омбудсмен, бизнес қауымдастықтарымен өзара белсенді түрде жұмыс жасауда. Осы жұмыс Үкімет жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис аясында жүзеге асырылады. Ұлттық экономика министрлігі Шағын және орта бизнес жағдайын белсенді мониторингін жалғастыратын болады.    

Дата публикации
04 мая 2021
Дата обновления
04 мая 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы