Меню

Страницы

Статья

«Кейбір заңнамалық актілерге бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің баяндамасы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заң жобасы енгізіліп отыр.

Заң жобасы Парламенттің, Есеп комитетінің, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсыныстарын іске асыруға бағытталған.

Заң жобасы Бюджет кодексіне мына бағыттар бойынша түзетулерді көздейді:

  1. Бюджеттік тәуекелдер мен мемлекеттік қаржының тұрақтылығы туралы талдамалық есепті қалыптастыру.

Бюджеттік тәуекелдер мен мемлекеттік қаржының тұрақтылығы туралы есепті жыл сайын Парламентке республикалық бюджеттің жобасымен енгізу ұсынылады.

Құжатта мемлекеттік қаржы жағдайына әсер ететін макроэкономикалық, демографиялық, қаржылық және басқа  да тәуекелдердің талдауы қамтылатын болады.

Осындай құжатты қалыптастыру бюджеттік тәуекелдерді тиімді басқаруға және оларды бюджеттік шешімдер қабылдау кезінде ескеруге мүмкіндік береді.

  1. Бюджетаралық қатынастарды жетілдіру шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең аз көлемде белгіленген жалпы сипаттағы трансферттер қаражатын басқа шығыстарға қайта бөлу мүмкіндігін беру ұсынылып отыр.
  2. Стратегиялық жоспарларды сапалы жоспарлау және орындау мақсатында, бөлінген қаражат толық игерілмеген жағдайда, жыл соңында республикалық бюджетке кері қайтаруына байланысты, төртінші тоқсанда стратегиялық жоспарлардың нысаналы индикаторларын өзгертуге тыйым салынады.
  3. Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде бөлінген қаражаттың пайдаланылуына бақылау мен мониторингті күшейту мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды қаржылай және қаржылай емес қолдау операторларына және қарыз алуға мемлекет кепілдік берген квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қазынашылықта шоттар ашу көзделіп отыр.
  4. Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында аудиторлық есеп нәтижелері бойынша заңнамада белгіленген мақсаттарға пайдаланылмаған нысаналы аударым сомаларын 3 ай ішінде республикалық бюджетке қайтару көзделеді.
  5. Жергілікті атқарушы органдарға жергілікті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға қарыздар бөлу мерзімін 3 жылдан 6 айға дейін қысқарту ұсынылады.

Бұл жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтудағы ықпалын арттыруы тиіс.

  1. Есептілікті жетілдіру шеңберінде 2024 жылдан бастап «Шоттардың бірыңғай жоспары» жаңа құралын енгізу ұсынылады.
  2. Бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жетілдіру шеңберінде, стратегиялық жоспарлар мен өңірлерді дамыту бағдарламаларының іске асырылуы туралы есептердің негізінде бюджеттің шығыстары туралы аналитикалық есепті қалыптастыру көзделіп отыр.

Сонымен қатар, Парламентте жылдық есепті қарау кезінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді пайдалану бойынша әкімдердің есебін тыңдау көзделеді.

Бұл жергілікті атқарушы органдардың нысаналы трансферттерді пайдалану бойынша жауаптылығын арттыруға мүмкіншілік береді.

  1. Мемлекеттік қарыз алуды жетілдіру шеңберінде қарызға алған қаражатты белгіленген мерзімде игермегені үшін жауапкершілік енгізіледі.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға үшінші тұлғалар үшін борыштық міндеттемелерді қабылдауға тыйым салынады.

  1. Жоспарланатын шығыстардың негіздемелігін арттыру үшін бекітілген заттай нормаларға жылына бір рет өзгеріс енгізу ұсынылады.
  2. Сондай-ақ Заң жобасында нақтылау сипатындағы түзетулер де көзделген.

Республикалық бюджетті нақтылау жағдайлары айқындалатын болады.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының мазмұнын нақтылау көзделеді.

Ұлттық Банкте ашылған Бірыңғай қазынашылық шоттағы қаражаттың күнделікті қалдығына есептелетін сыйақы, бюджеттік түсімдерге кіреді.

Заң жобасын қабылдау, бюджеттік рәсімдерді жетілдіруге және бюджетті атқару сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Дата публикации
21 апреля 2021
Дата обновления
21 апреля 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы