Меню

Страницы

Статья

Ауылдық жерлердегі өмір сүру деңгейін арттыру бойынша ҚР Үкімет отырысындағы Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің баяндамасы

Ауылдық жерлердегі өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі ауылдық аумақтарды дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі күні ауыл халқының саны 7,7 млн.адамды немесе еліміз бойынша  халқымыздың жалпы санының 41%-ын құрады.

Жұмыспен қамтылған ауыл халқының құрылымында ауыл шаруашылығы ең үлкен үлесті құрайды.  Бұл  28,2%.

Жалпы соңғы 5 жылда экономиканың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады.

Ауылдарда өмір сүру деңгейін одан әрі арттыру үшін Министрлік «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде.

Жобаның мақсаты инфрақұрылымдарды жаңғырту есебінен және оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне дейін жеткізе отырып,ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.

Аталған мақсатқа жету әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктерге қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді іске асыру есебінен, сондай-ақ қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы 6 316 ауылдың ішінен даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл іріктелді, онда ауыл тұрғындарының 88% ы тұрады.

Аталған ауылдар демографиялық көрсеткіштерге, экономикалық белсенділікке, инфрақұрылымның жай-күйіне қарай іріктелді.

Бұл ауылдарды дамыту «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде бірінші кезекте жүзеге асырылатын болады.

Бұл слайдта «Ауыл – Ел бесігі» жобасы ауыл халқының өмір сүру сапасына қандай әсер беретіндігі туралы нақты мысалдар ұсынылған.

Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру үшін 2019 жылы инфрақұрылымдар мен әлеуметтік игіліктерге қол жетімділігі жөнінде жаңа өңірлік стандарттар әзірленіп, бекітілді.

Ауылдық елді мекендердің нысандармен қамтамасыз етілуі 2020 жылы республика бойынша – 60,3% құрады.

Ең жоғарғы көрсеткіштер Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады.

Ағымдағы жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде 1,3 млн. адам тұратын 480 ауылдың дамуына 105 млрд. теңге бағыттау жоспарлануда. Бұл өз кезегінде көлік және әлеуметтік инфрақұрылым, сонымен қатар тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамытуға арналған 1 мыңнан астам жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Ауылдық жерлердегі инфрақұрылым мәселерін шешу үшін 5 жылдың ішінде 800 млрд. теңге бөлінетін болады.

Бұл өз кезегінде 3,5 мыңнан астам ауылдағы 7 млн. ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жалпы ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тәсілі 2025 жылға қарай ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын және әл-ауқатын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Мәселен, ауыл халқының сумен қамту қызметі 100% жететін болады.

        Барлық ауыл тұрғындары жоғары жылдамдықты Интернетке қолы жетімділікпен қамтылады.

        Жергілікті маңызға ие жолдардың 95% жақсы жағдайға жеткізілетін болады. 10 мың км ауыл ішіндегі жолдар жөнеделеді және салынады.

        Ауылдық жерлерде 24 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

        110 мың жер учаскелері жеке тұрғын құрылысы үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтылатын болады.

Жалпы 12 мың км инженерлік желілер салынады және жаңғыртылатын болады.

Агроөнеркәсіп кешенінде 845 инвестициялық жобаны іске асыру ауылдарда 500 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Білім берудің сапасын және қол жетімділігін арттыру шеңберінде ауылдық жерлерде 5 мың мектепті жаңғырту және 315 жаңа мектеп салу жоспарлануда. 

Барлық ауыл мектептері білікті педагогтармен қамтылатын болады.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100% мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылады.

Ауылдарда спортпен айналысу және шығармашылық үйірмелерін дамыту үшін жағдай жасау мақсатында 1 719 спорт және 748 мәдениет нысаны  салынып, жаңғыртылады.

 Денсаулық сақтау саласында 1 095 нысандарын салу және жаңғырту ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау жүйесінің сапасын және қол жетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Барлық жоғарыда көрсетілген іс-шаралар ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуға, табысын арттыруға және ауылдық аумақтарды дамытуға жаңа серпіліс береді.

Дата публикации
20 апреля 2021
Дата обновления
20 апреля 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы