Меню

Страницы

Статья

2021 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылау бойынша ҚР Үкімет отырысындағы Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің баяндамасы

Сіздің қарауыңызға 2021 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылау енгізіліп отыр.

Макрокөрсеткіштердің болжамы ел экономикасының өсуі бойынша жедел деректерді, әлемдік экономика  мен нарықтағы оң үрдістерді ескере отырып, нақтыланды.

Мәселен, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны қаңтар айындағы минус 4,5%-дан бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша минус 1,6%-ға дейін жақсарды.

Жыл басынан бері мұнайдың орташа бағасы барреліне 61 долларды құрады. Бұл ретте мұнай бағасы бойынша Дүниежүзілі қаржы ұйымының болжамдары 44 пен 67 доллар аралығында болып отыр.

Осыған байланысты, макрокөрсеткіштерді нақтылау кезінде мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 50 доллар деңгейінде айқындалды.

Дүниежүзілік банк вакциналау жүргізудің тиімділігіне байланысты әлемдік экономиканың өсуін 1,6%-дан 5%-ға дейін болжап отыр.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ел экономикасының өсу болжамы 2,8%-дан 3,1%-ға дейін жақсарды.

Бұл ретте номиналды жалпы ішкі өнім 77,8 трлн. теңге көлемінде бағалануда.

Сыртқы сұранысты қалпына келтіру аясында металлургиядағы өндірістің неғұрлым белсенді өсуі есебінен өңдеуші өнеркәсіптегі болжамды көрсеткіштер 4,1%-дан
5,2%-ға дейін жақсарды.

Құрылыста жоспарланған 17 млн шаршы метр тұрғын үйдің пайдалануға беруіне байланысты болжам 2,5%-дан
5%-ға дейін жақсарды.

Ақпарат пен байланыста IT қызметтерге сұраныстың өсуі нәтижесінде болжам 3,8%-дан 6,5%-ға дейін ұлғайды.

Ұлттық Банктің болжамы бойынша экспорт 10,8 млрд. долларға яғни 52,2 млрд. долларға дейін ұлғаяды. Импорт 37,1 млрд. долларды құрайды.

Инфляция бұрын бекітілген 4,0-6,0% дәлізде сақталды.

Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде 2021 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланды.

Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2021 жылы 7 204 млрд. теңге көлемінде бағаланады, бұл бекітілген жоспардан 279 млрд. теңгеге жоғары.

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт өзгермейді және 2 700 млрд. теңге мөлшерінде сақталды.

Ұлттық қордан нысаналы трансферт 1 трлн теңгеден 1 850 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Республикалық бюджет шығыстары 15 334 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр, бұл бекітілген көрсеткішке қарағанда 1 285 млрд. теңгеге ұлғайтылады.

Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты 3,5% деңгейінде болжанып отыр.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы шеңберінде 2021 жылға арналған макрокөрсеткіштер мен бюджеттік параметрлердің болжамын нақтылауды қолдауды сұраймын.

Дата публикации
20 апреля 2021
Дата обновления
20 апреля 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы