Меню

Страницы

Статья

«2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына баспасөз релиз

2021 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті «2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі – Хаттама) қол қойды.

Армения Республикасында жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты (президенттік басқару нысанынан парламенттік басқару нысанына көшу) Армения Республикасы Премьер - Министрінің мәртебесі Мемлекет басшысы мәртебесіне теңестірілді.

Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы кедендік заңнамасына сәйкес, Үкімет басшылары тек қызметтік міндеттерін орындауға байланысты кедендік шекараны кесіп өткен кезде, жеке багажын кедендік тексеріп-қарау сияқты кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарынан босатылады.

Осы өзгерістердің енгізілуімен Үкімет басшылары мен олармен еріп жүретін отбасы мүшелерінің кедендік шекараны кесіп өту мақсатына қарамастан, жеке багажын кедендік тексеріп-қараудан босату бекітіледі.

Сондай-ақ, енгізілген өзгерістер Армения Республикасының Үкіметі Әкімшілігі басшысын және Армения Республикасы Премьер-Министрінің Күзет қызметі бастығын қызметтік міндеттерін орындауларына байланысты жеке багажын кедендік тексеріп-қараудан босатады.

Дата публикации
04 марта 2021
Дата обновления
04 марта 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы