Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамуының Кешенді жоспары жөнінде ҚР Үкімет отырысындағы ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің баяндамасы

Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамуының Кешенді жоспары қарауға ұсынылып отыр.

Министрлік мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрақты жұмыс орындарын құруға тікелей және жанама мультипликативтік әсерлердің жоғары әлеуеті бар жобаларды мұқият іріктеу бойынша жұмыс жүргізді.

Кешенді жоспар инвестициялық жобаларды іске асыруды, тұрғын үй және өзге де инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы дамытуды, сондай-ақ қоғамдық құқықтық тәртіпті және азаматтық қорғауды қамтамасыз етуді көздейтін 4 бағыттан және 87 іс-шарадан тұрады.

Жоспарды іске асырудың жалпы сомасы 1,8 трлн. теңге, оның ішінде РБ – 517,9 млрд.теңге, ЖБ– 43,9 млрд. теңге, жеке инвестициялар – 1,3 трлн. теңге.

Жоспар аясында 1,4 трлн. теңге сомасына 64 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, олар АӨК, өнеркәсіп, көлік және логистика, туризм және спорт, сондай-ақ өңірдің кәсіпкерлігінің белсенділігін дамытуға бағытталған.

АӨК-те 52 сүт-тауар фермасы, құрама жем зауыты, 3 бордақылау алаңы, 2 құс фабрикасы, жылыжай кешені және т.б. салынады.

Өнеркәсіпте АЭА аумағында CLAAS ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін оқшаулау, JOHN DEERE сервис орталығы, «Ақсоран» және «Баян» вольфрам-молибден кендерінің кен орындарын игеру, сондай-ақ, тау-кен металлургия комбинатының және жаңа өндірістік алаңдардың READY-BUILT FACTORY бойынша көзделеді.

Қойма және сауда алаңдарымен қамтамасыз ету үшін «Қызылжар» сауда-логистикалық хабы құрылады.

Қызметтік белсенділікті дамыту үшін елдің әкімшілік орталықтарымен байланысын қамтамасыз ету үшін авиарейстер саны айына 16-дан 68-ге дейін артады.

Өңірде туристік әлеуетті күшейту және спортты дамыту мақсатында Имантау-Шалқар курорттық аймағында көпфункционалды туристік кешенін салу қамтамасыз етіледі. Бұл жылына 100 мыңнан 280 мың туристке дейін көбейтуді қамтамасыз етілетін болады.

Бұдан басқа, 100 адамға арналған қонақ үйі бар спорт орталығының, сондай-ақ Петропавл қаласында 3 мың орынға көпфункционалды спорт сарайы салынатын болады.

Бұдан басқа, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдік беру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру, сондай-ақ бизнес субъектілеріне қажетті инфрақұрылымды жеткізу көзделген.

Халықтың өмір сүру сапасын арттыру және жағдайларын жақсарту мақсатында тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық және цифрлық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобалар іске асырылатын болады.

«Ауыл - Ел бесігі»  жобасы аясында 307 тірек және спутниктік ауылдарда жаңа өңірлік стандарттарға сәйкес жолдар, ауруханалар, дәрігерлік амбулаториялар, мектептер, балабақшалар, мәдениет үйлері және т.б. салынып, жөнделетін болады.

Қалалар мен ауылдарда ұзындығы 412 км сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау жүзеге асырылатын болады, бұл 100% ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, 2,3 млн. шаршы метр немесе 21,7 мың пәтер салу және пайдалануға беру жоспарлануда.

Өңірдің барлық қалалары, тірек және спутниктік ауылдары кеңжолақты Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі.

Жыл сайын шамамен 2 100 км жолды жөндеу және реконструкциялау жүргізілетін болады, бұл 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 98% - ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау және білім беру жүйелері қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін қазіргі заманғы инфрақұрылым құру көзделген.

Облыстық көп бейінді аурухана, сондай-ақ аудан орталықтарында, тірек және спутниктік ауылдық елді мекендерде 47 медициналық нысан салынады.

3 ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептерді жою мақсатында 16 мектеп салынады. Сондай-ақ, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған 400 орындық оңалту мектеп – интернатының құрылысы жоспарлануда.

Сонымен бірге Назарбаев Университетінің және Академиялық көшбасшы орталығы тәжірибесі бойынша ЖОО құрылатын болады.

Сондай-ақ, курсанттардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту және офицерлерді даярлау сапасын арттыру мақсатында Ұлттық ұлан Әскери институтының ғимараттары мен құрылыстарын салу жоспарлануда.

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жыл сайын 300-ге жуық әлеуметтік сала мамандары тартылатын болады.

Өңір тарихын танымал ету үшін археологиялық ескерткіштер мен тарихи-мәдени маңызы бар объектілерді кешенді зерттеу жоспарлануда.

Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай 26 мың жаңа жұмыс орындарын құруды, шамамен 1,3 трлн. теңге жеке инвестициялар тартуды қамтамасыз етеді, өңдеу өнеркәсібі 25%-ға және ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 54%-ға өседі.

Халықтың нақты табысы мен еңбек өнімділігі 30%-ға артады.

Нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу нәтижесінде ЖӨӨ-нің нақты өсуі 2025 жылы 5,2%-ға дейін өседі.

Жалпы, Кешенді жоспарды іске асыру өңір экономикасының өсу қарқынын өсіруге және халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Экономикалық белсенділікті тартудың жаңасын  қалыптастыру тиімді жұмыс орындарын құруды және өңірдің кешенді дамуын қамтамасыз ете отырып, жеке инвестициялардың келуіне серпін береді.

Дата публикации
30 марта 2021
Дата обновления
30 марта 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы