Меню

Страницы

Статья

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.А. Ерғалиевтің баяндама

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы ұсынылып отыр.

Келісім жобасында:

- 2024 жылдан бастап индикативтік мөлшерлеме  мен одан ауытқу диапазондарын қолдану;

- ЕЭК Кеңесіне акциздердің индикативтік мөлшерлемесін   бекіту және негізделген экономикалық тұрақталық  болған кезде оларды өзгерту бойынша өкілеттіктер беру көзделеді.

Акциздер ставкаларын жақындастыру 2024 жылдан бастап жүзеге асырылатын болады.

Әрбір бес жыл сайын бірыңғай индикативтік мөлшерлеме  және одан ауытқу диапазоны белгіленеді.

2024 жылы сигареттерге қатысты индикативтік мөлшерлеме  1000 дана үшін 35 еуроға эквивалентті мөлшерде ұлттық валютада белгіленген.

Үйлесімділікке қол жеткізу мақсатында 2024 жылы темекіге арналған акциздердің нақты мөлшерлемелері 20% шегінде индикативтік мөлшерлемеден көп немесе аз болуы мүмкін.

Заң жобасы темекі өнімдеріне арналған акциз мөлшерлемелерінің ұлғаюы есебінен бюджетке қосымша түсімді қамтамасыз етеді.

 Осылайша, Келісім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында темекі өнімдерінің акциздерін салу саласында бірыңғай практика қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
18 марта 2021
Дата обновления
18 марта 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы