Ағымдағы жылғы ақпан айының қорытындысы бойынша мынадай әлемдік трендтер байқалуда.
Көптеген елдерде белсенді вакциналауды жүргізу нәтижесінде эпидемиологиялық ахуал жақсаруда. Тәулігіне ковидпен ауырғандардың саны 2021 жылғы қаңтардың ортасымен салыстырғанда 46% төмендеді, ал Қазақстанда - 59% төмендеді.
ОПЕК+ елдерінің келесі айға мұнай өндірісін шектеуді сақтау бойынша қабылдаған шешімі әлемдік тауар нарықтары конъюнктурасына оң әсерін тигізді. Бүгінгі таңда Brent мұнай маркасының бағасы барреліне 67 долларды құрап отыр.
Сонымен қатар, металл бағаларының қалпына келуі байқалуда. Ағымдағы жылдың басынан бері металл бағаларының орташа өсімі 7% құрады. Мыстың бағасы 15,8%-ға, алюминийдің бағасы 9,4%-ға, мырыштың бағасы 1,7%-ға өсті.
Жалпы, іскерлік белсенділіктің жедел қалпына келуінің басты шарты эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруы болып табылады.
Ағымдағы жылғы ақпанда халықаралық рейтингтік агенттіктер – Moody’s, Fitch Ratings және Standard and Poor’s Қазақстанның егемендік кредиттік рейтингін пандемияға дейінгі инвестициялық деңгейде растады.
Пандемия жағдайында Қазақстанның егемендік кредиттік рейтингінің растауының басты факторлары: экономиканың нақты секторының өсу орнықтылығының жоғары деңгейі, экономика мен халық табысын қалыпқа келтіруші өсудің жоғары әлеуеті, дағдарысқа қарсы шараларды қалыптастыру икемділігі мен тиімділігі, сондай-ақ едәуір фискалдық резервтер.
Осының аясында халықаралық рейтингтік агенттіктер 2021 жылға Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсуін 3,2-3,8% деңгейінде болжап отыр.
Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда макроэкономикалық көрсеткіштер оң үдерсті көрсетті.
Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты секторда өсу 6,3%-ға дейін жеделдеді.
Негізгі капиталға инвестициялар кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, 13,3%-ға өсті.
Жылдық инфляция 7,4% деңгейінде сақталды.
Кен өндіру өнеркәсібінен басқа, нақты сектордың барлық салалары тұрақты өсуді көрсетті. Олар құрылыс, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау және ауыл шаруашылығы салалары. Сонымен қатар, ақпарат пен байланыс саласы 9,4%-ға өсу көрсетті.
Нәтижесінде, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны ағымдағы жылғы қаңтардағы минус 4,5%-дан қаңтар-ақпанда минус 2,9%-ға дейін жақсарды.
Өңдеу өнеркәсібі салаларында тұрақты өсу сақталуда. Өсудің жеделдеуі машина жасауда 21,2%-ға, құрылыс материалдары өндірісінде 22,9%-ға, химиялық өнімдер өндірісінде 14,1%-ға, пластмасса өнімдері өндірісінде 14,2%-ға, киім өндірісінде 19,9%-ға, жиһаз өндірісінде 15,7%-ға, фармацевтикада 9,2%-ға дейін байқалады. Жоғарғы өсу автомобиль құрастыруда 19,6% деңгейінде сақталды.
Өңдеу өнеркәсібі серпінді қарқынмен өсуде. Өсу 6,1% құрады. 14 өңір оң өсу көрсетті. Ең жоғарғы өсу темекі өнімдері мен электрлік аккумуляторлар өндрісінің өсуі есебінен Алматы қаласы мен Алматы облысында, тауарлық бетон, тазартылған алтын және теміржол локомотивтері өндірісінің өсуі есебінен Нұр-Сұлтан қаласында байқалады.
Өңдеу өнеркәсібінде төмендеу 3 өңірде байқалып отыр: мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің қысқаруы салдарынан Атырау облысында, ет өңдеу және трансформаторлар өндірісі көлемдерінің азаюы салдарынан Батыс Қазақстан облысында, трансформаторлар мен мақта өндірісінің азаюы салдарынан Түркістан облысында.
Ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, инвестициялардың орташа өсуі 13,3% құрады.
Экономика салаларының көбінде негізгі капиталға инвестициялар серпінді қарқынмен өсуде.
Инвестициялардың айтарлықтай өсуін ақпарат және байланыс – 2,1есе, өңдеу өнеркәсібі – 85%, көлік – 56%, ауыл шаруашылығы – 40%, сауда – 31%, құрылыс – 25% және жылжымайтын мүлікпен операциялар – 18% деңгейінде көрсетті.
Көптеген өңірлер жоғарғы инвестициялық белсенділікті көрсетуде. Ең жоғарғы көрсеткіштер өнеркәсіп нысандарын салу мен өндіріс құрылғыларын алудың өсуі есебінен Шымкент қаласында, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңғырту есебінен Жамбыл облысында, күн электрстанциялары мен көпфункционалды туристік кешенін салу есебінен Түркістан облысында байқалады.
Инвестициялар бойынша 4 өңір төмендеу көрсетіп отыр. Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының азаюы салдарынан Батыс Қазақстан облысында, Теңіз кен орнын келешекте кеңейту жобасы мен ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының азаюы салдарынан Атырау облысында, өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі капиталға инвестициялар көлімінің қысқаруы салдарынан Павлодар облысында және көпфункционалды қонақүй-туристік кешен құрылысының аяқталуы салдарынан Маңғыстау облысында төмендеу тіркелді.
Құрылыс секторы жоғары өсу қарқынын көрсетуде. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 9,7% ұлғайды.
Мәдениет және спорт нысандары, көппәтерлі тұрғын үйлер мен инженерлік ғимараттар құрылысының өсуі есебінен Түркістан облысында, денсаулық сақтау және тау-кен өнеркәсібі нысандары, инженерлік жүйелер құрылысы есебінен Ақмола облысында, денсаулық сақтау нысандары, көппәтерлі тұрғын үйлер мен автокөлік жолдарының құрылысы есебінен Шымкент қаласында жоғары өсу байқалады.
Магистральдық құбыр салу бойынша жұмыстардың қысқаруына байланысты Батыс Қазақстан облысында, автокөлік жолдарын, көпірлер мен өнеркәсіп нысандарын салу бойынша жұмыстардың қысқаруы есебінен Жамбыл облысында төмендеу көрсеткіші тіркелді.
Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда 1,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12,8%-ға жоғары. 2021 жылғы жоспарланған 17 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беруді қамтамасыз ету үшін осы серпінді сақтау қажет.
Барлық өңірлер оң өсу көрсетті. Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең үлкен көрсеткіші Шымкент қаласында – 4,6 есеге өсіп отыр.
Ауыл шаруашылығында 3,1% деңгейінде тұрақты өсу байқалды.
13 өңірде оң серпін байқалып отыр. Мал мен құс еті, сиыр сүтін өндірудің артуы есебінен Ақмола облысы ең жоғарғы өсуді көрсетті.
Бұл ретте, тауық жұмыртқасы өндірісінің төмендеуіне байланысты Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында төмендеу тіркелді.
7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлік бөліністегі жалпы жағдай мынадай.
6 көрсеткіш бойынша Алматы облысы және 5 көрсеткіш бойынша – 6 өңір оң өсім көрсетті. Олар Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы.
8 өңірде 4 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді. Бұл орташа деңгей.
2 өңірде 2-3 көрсеткіш бойынша оң өсу байқалады.
Бұл ретте, сауда бойынша оң аймаққа Алматы облысы, көлік бойынша Атырау облысы енді.
Жеке инвестицияларды тарту бойынша 12 өңірде оң өсу байқалады, оның ішінде 6 өңірде өсу 20% жоғары.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар, Қызылорда және Маңғыстау облыстарына инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жандандыру қажет. Аталған өңірлерде жеке инвестициялардың төмендеуі байқалуда.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдарға экономикалық өсуді ынталандырудың мынадай шараларына назар аудару ұсынылып отыр.