«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы қарауға ұсынылып отыр.
- Келісім жобасында 2024 жылдан бастап индикативтік мөлшерлеме мен одан ауытқу диапазондарын қолдану көзделіп отыр.
- Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіне акциздердің индикативтік мөлшерлемелерін бекіту және негізделген экономикалық орындылығы болған жағдайда оларды өзгерту бойынша өкілеттіктер беру көзделеді.
Акциздер мөлшерлемелерін жақындастыру 2024 жылдан бастап жүзеге асырылатын болады.
Әрбір бес жыл сайын бірыңғай индикативтік мөлшерлеме және одан ауытқу диапазоны белгіленеді.
2024 жылы сигареттерге қатысты индикативтік мөлшерлеме
1000 дана үшін 35 евроға баламалы мөлшерде ұлттық валютада белгіленген.
Үйлесімділікке қол жеткізу мақсатында сигареттерге арналған акциздердің нақты мөлшерлемелері 2024 жылы индикативтік мөлшерлемеден төмен жағынан 20 пайыз қосылмайтын және үлкен жағына 20 пайыз аспайтын ауытқу диапазоны бекітіледі.
Заң жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Бұдан басқа, Заң жобасы темекі өнімдеріне арналған акциз мөлшерлемелерінің ұлғаюы есебінен бюджетке қосымша түсімді қамтамасыз етеді.
Осылайша, Келісім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында темекі өнімдерінің акциздерін салу саласында бірыңғай практика қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.