Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» жобасы ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғандығын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.
Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=3234927