Меню

Страницы

Статья

Ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлау туралы заң жобалары бойынша БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Бүгінгі күні Ұлттық экономика министрлігі ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу мақсатында 2020 жылғы Жалпыұлттық жоспардың 139-тармағы шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобаларын әзірледі.

Түзетулер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңға, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарға енгізіледі.

Заң жобаларында мынадай жаңашылдықтар қарастырылған:

1) жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы ауыл әкімдерін сайлауды енгізу.

Бұл ретте, ауыл әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссиялары қызметінің сәйкестігін бақылауды ОСК жүзеге асыратын болады.

2) кандидаттарды саяси партиялар арқылы, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсыну;

3) ауыл әкімін тіркеу, ұсыну, тағайындау және өкілеттігін тоқтату тәртібін белгілеу;

4) өзін-өзі ұсынған адамдардың қол жинауы (тиісті округ тұрғындарының жалпы санының кемінде 1% дауысы);

5) ауылдық округ әкімдері үшін біліктілік талаптарын алып тастау және т. б.

Қазіргі жағдайда ауыл әкімдерін тікелей сайлау азаматтарға өздерінің конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді; жергілікті мемлекеттік басқару органдарының халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына бейімділігін арттыруға ықпал ететін болады; «халық үніне құлақ асатын» мемлекет тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді.

Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу мәселесі Парламент Мәжілісі депутаттарының, Президент Әкімшілігі мен ЖАО өкілдерінің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде (2020 жылғы 2 желтоқсан) қаралды.

А.ж. екінші жартыжылдықта ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы жарияланып, ол шамамен 800 әкімге (барлығы 2298 бірлік) қатысты болады.

Дата публикации
03 февраля 2021
Дата обновления
03 февраля 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің «Власть» порталындағы айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары
Біз туралы БАҚ
07 октября 2026
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айдары

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы