Ағымдағы жылғы 25 қаңтарда Ұлттық экономика министрлігінде бейнеконференция режимінде ҮЕҰ өкілдерімен бюджеттің ашықтығы мен айқындылығын арттыру бойынша жұмыс кездесуі өтті.
ҮЕҰ атынан Жергілікті өзін-өзі дамыту институтының жетекшісі Худяков С.Г., «Сандж» зерттеу орталығының жетекшісі Ж.С. Жандосова, Құқықтық және экономикалық реформаларды қолдау орталығының директоры А.Қырықбаева және Zertteu Research Institute директоры Ш.А. Айтенова қатысты.
Кездесу Ұлттық экономика вице-министрі А.К. Әмрин және Бюджет саясаты депараментінің қатысуымен өтті.
Бюджет процесіне азаматтық қоғамның қатысуы, бюджет ресурстарын бөлу және кері байланыс беру процесіне қоғамды тарту қажеттілігі, бюджеттік ақпаратты халыққа ыңғайлы түрде ұсыну мәселелерін талқылады.
Қортындысы бойынша бюджеттің ашықтығы мен айқындылығын арттыру бойынша тиімді жұмыс жасау үшін үнемі кездесулер өткізуге уағдаласты.