Сіздердің назарларыңызға «2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы (бұдан әрі – Хаттама) ұсынылып отыр.
Армения Республикасындағы заңнамалық өзгерістерге байланысты Армения Республикасы шартқа өзгерістер енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасады.
Түзетулер лауазымды тұлғалар тізбесі бойынша кедендік жете тексеруге қатысты.
Бұл лауазымды тұлғалар атауларының заңнамалық өзгерістеріне байланысты.
«Халықаралық шарттар туралы» заңға сәйкес Хаттама ратификациялауға жатады
Хаттаманы ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.