2020 жылғы 17-18 қыркүйекте Ұлттық экономика вице-министрі
Ж.Х. Мәдиевтің қатысуымен Азия Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің
(АДБ, Банк) 53-ші жыл сайынғы отырысы өткізілді.
COVID-19 коронавирусына байланысты қалыптасқан жағдайға байланысты отырыс Банктің 68 мүше-елдің өкілдерінің қатысуымен онлайн режимде өткізілді.
Корея Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, экономика және қаржы министрі Хонг Нам-Ки Жыл сайынғы отырыстың ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйледі.
АДБ-ның жыл сайынғы екі күндік отырысы барысында денсаулық сақтау, экономикалық перспективалар, салықтар және ОАӨЭЫ бағдарламасы шеңберінде өңірлік ынтымақтастықты кеңейту сияқты мәселелер талқыланды.
COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты әлемде қалыптасқан жағдайына байланысты АДБ Қазақстанға қаржылық және техникалық көмек көрсетті, ол денсаулық сақтауды, әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуды қолдаудың, сондай-ақ пандемияның теріс салдарын жеңілдету үшін Үкімет әзірлеген экономиканы қалпына келтірудің кешенді жоспарын қолдайды.
АДБ-нің қызметі жұмыс орындарын құру, инновацияларды ынталандыру, әлеуетті ұлғайту, білім мен үздік халықаралық практикаларды енгізу негізінде кең ауқымды қолдау көрсету арқылы экономикалық дамуға өз үлесін қосып отыр.